С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612864
Қазір сайтта
Сейчас 71 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Өмірін өрген өнермен...»

Биыл Қазақстанның халық әртісі Сұлтанбаев Құдайберген Тәуекелұлының туғанына 70 жыл. Қазақ дейтін халқының қойны-қоншын қытықтап, күлкі таба білген, күлдіре білген, 1970 жылдардың өзінде-ақ зар заманның зарпынан жүрегі шайлыққан еліне әзілмен тіл қатып, астарлап Қ.Сұлтанбаев ой айта білді. Ол 1978 жылы құрылған "Тамаша" ойын-сауық отауының әйгілі әртісі болды.

толығырақ

 

«Кітап – әлем кілті»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде баланы кітап оқуға еріксіз жетелейтін жұмыс түрлері өткізіліп тұрады.  Сондай іс-шаралардың біреуі 3-сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерінің балалары үшін ұйымдастырылған «Кітапханаға барамыз» атты кітап мерекесі. Шара арнайы дайындалған «Кітап-әлем кілті» атты көрмені тамашалаудан басталды.

толығырақ

 

«Бексұлтан Нұржекеев - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгер»

2017 жылғы 30 наурызда Б.Римова атындағы облыстық драма театрында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеевпен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде кітапхана   «Бексұлтан Нұржекеев - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгер» атты кітап көрмесін және жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетсе, Б.Римова атындағы драма театрының әртістері жазушының шығармасынан үзінді көрсетті.

толығырақ

 

«Жолдау –самғау кепілі»

28 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында  Елбасының  2017 жылы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша облыстық мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында «Нұр Отан партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жолдау –самғау кепілі» атты дөңгелек үстел   өтті.

толығырақ

 

«Ғылым ғұмыр»

18 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында оқырмандар арасында Б.Нұржекеев «Ойұшқын» шығармасы бойынша, ЖМУ студенттері арасында әдеби лабиринт өтті. Бексұлтан Нұржекеев – қазақ қарасөзінің «беласқан» толқынының арасында өзіндік стилімен, ешкімді қайталамас ой-өрнегімен танылған тегеурінді тұлға. Сөз өнері атты киелі өлкеге саф тазалығымен келіп, өз өнерін өзгелер мойындайтын өремен шыңдаған жазушы.

толығырақ

 

«Баланың кітапқа қарай жолы: отбасы, мектеп, кітапхана»

17 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасында «Баланың кітапқа қарай жолы: отбасы, мектеп, кітапхана» тақырыбында Алматы облысы балалар кітапханалары мен мектеп кітапханашыларының қатысуымен облыстық семинар- практикум өтті. Кітапхана мамандары баяндамаларында баланың оқу дағдысын мақсатты түрде қалыптастыру жүйесін құру қажеттілігін, оқу мәдениеті мен ақпараттық сауаттылықтарының қалыптасуына ықпалдасуды мемлекет басшысының Жолдауындағы адами капитал сапасын жақсарту үшін орындалуы қажет бірінші міндет - оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттаумен байланыстырды.

толығырақ

 

Сезім болып төгілген асыл жырлар

14 наурыз күні көрнекті ақын, көңіл-күй лирикалық шығармаларымен барша адам баласының жүрегін тебіренткен тума талант, Қ.Бұғыбаеваның 75 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Сезім болып төгілген асыл жырлар» атты әдеби поэзиялық кеші өтті.

толығырақ

 

Кемеңгер қаламның құдіреті

14 наурызда қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын иесі Мүсірепов Ғабит Махмұтұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Кемеңгер қаламның құдіреті» атты еске алу  кеші өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, баға жетпес мұрасының  ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруіне ықпал ету  мақсатында  ұйымдастырылды.

толығырақ

 

«Еңбегіне қарай өнбегі»

2017 жылдың 10 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Қазақстанның 40 жылдығы» колхозының председателі, екі мәрте Социалистік  Еңбек  Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері  Н.Н.Головацкийдің 105 жылдық  мерейтой қарсаңында өмірі мен еңбегіне  арналған «Еңбегіне қарай өнбегі» атты портрет  кеші өткізілді.Іс-шараның мақсаты жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, еңбекті сүюге үндеу, ел басқару мен  ауыл шаруашылығына  еңбек етуге,  білімдерін арттыруға тәрбиелеу.

толығырақ

 

«Арулар асыл жандар»

06 наурыз күні Талдықорған қаласының  Мәдениет үйінде Алматы облыстық әкімшілігінің  ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық аналар мен қыз келіншектерге арналған  мәдени іс-шара, мерекелік кеш өтті.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика