С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612864
Қазір сайтта
Сейчас 70 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Ұлы дала батырлары»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 4 мамырда Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде студенттер арасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай  «Ұлы дала батырлары» атты мерекелік  іс-шара өтті. 

толығырақ

 

«Қазақстан халықтарының байлығы - бірлікте»

2017 жылдың 28 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан халықтарының байлығы - бірлікте» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: мемлекетіміздегі әртүрлі ұлттардың тарихы мен қазіргі өмірі, рухани мәдениеті, салт-дәстүрі туралы мәлімет беру. Елімізде тұрып жатқан әрбір жасұрпақтың бойына ұлттық рухты, қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

толығырақ

 

«Қазақтың қобызшы Молықбайы» атты қобыз-пати

kobyz pati1.jpg - 393.62 Kb27 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қобызшы Молықбай Байсақұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Қазақтың қобызшы Молықбайы» атты қобыз-пати өтті. Іс-шараның мақсаты, өнерлі ұл-қыздардың бастамасымен қобыз аспабын насихаттау. Жастардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу, келіп жатқан жастарға үлкен өнеге көрсету, қазақы салт – дәстүрімізді насихаттау, кітапхана мен қоғамның арасындағы байланысты нығайту. Қобызды тек кәсіби өнерпаздар ғана тартатын, сахналарда ғана ойналатын, ал қалған қазақтың төрінде ілулі тұра беретін аспап емес екендігін дәлелдеу. Өмірі мен шығармашылығын зерттей отырып, өнері туралы әдебиеттерді оқырмандарға жеткізу.

толығырақ

 

«Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

25-сәуір күні  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай ақпараттық сағат өтті. Шараға «Елбасы және ел мұраты» атты көрме ұсынылды.  Көрмеге «Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы басылған мерзімді басылымдар, газет бетінде орын алған еліміздің белгілі қайраткерлерінің пікірлері де ұсынылды.  Мақаланы бөлім қызметкерлері дауыстап оқып шықты.

толығырақ

 

«Кітап әлеміне саяхат »

2017 жылы сәуірдің 21 күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының есік алдында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Кітап әлеміне саяхат» атты кітап фестивалі өтті. Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні туралы идея 1995 жылдың 23 сәуірі күні пайда болған, қазір ол 100-ден астам елді қамтиды. Мерекенің жыл сайынғы атап өтілуі кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, оның мүмкіндігін шексіз ететінін, жақсы өмір сүруге жол ашып, бейбітшілікті сақтауға көмектесетінін көрсетті. Сондықтан, осы бір ерекше күні бүкіл әлемдегі кітаптар мен авторларға құрмет көрсетіліп, кітап оқу дәстүрі мадақталады.

толығырақ

 

«Ескерткіш тарих куәсі»

18 сәуір  күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен  «Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық қорғау» күніне орай Талдықорған қаласының Тәуелсіздік көшесі мен Ғ.Орманов көшелерінің қиылысында орналасқан  Ғ.Орманов ескерткішінде  «Ескерткіш тарих куәсі» атты еске алу сағаты өтті.

толығырақ

 

«Менің датым-сананы тәуелсіз ету»

14 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы №4 орта мектептің оқушыларымен бірлесіп, Ғарифолла Есімнің - 70 жасқа толуына орай оқушылардың бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін рухани адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Менің датым-сананы тәуелсіз ету» атты тұлғатану сағатын ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Дін–зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»

12 сәуір күні №17 кешкі мектепте «Дін–зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты ауқымды іс-шара өтті.Іс-шараның басты мақсаты жастарға экстремизм және террорлық әрекеттердің халық өміріне қауыптілігін түсіндіру. Шараға Алматы облыстық дін басқармасының дінтанушысы А.Мұратбекұлы, Алматы облыстық ішкі істер басқармасының жасөспірімдер инспекторы З.С.Болдыбаева сондай-ақ, №17 кешкі мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.

толығырақ

 

«Көркем сөздің жұлдызы»

11 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында оқырмандар мен оқушылар арасында Қазақтың көрнекті жазушысы,қазақ әдебиетінің сыншысы,халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың  95 жылдығына арналған «Көркем сөздің жұлдызы» атты әдеби қонақжай кеш өтті. Мақсаты Сафуан Шаймерденовтің мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық  ұстанымын, ұлттық ой – санасының қалыптасуына ықпал ету.

толығырақ

 

«Сөз өнерінің саңлағы»

7 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен №18 орта мектеп-лицейі  бірлесе отырып  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанипа Бұғыбаеваның  туғанына 75 жыл толуына орай «Сөз өнерінің саңлағы» атты әдеби вернисаж өткізілді. Шараға қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі А.Сәдуақасова және 6 «ә» сынып оқушылары қатысты.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика