С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

ҚР мемлекеттік рәміздері

Жетісу ақындары жырлайды
"Жетісу балалар кітапханасы"
Қазақ хандығына 550 жыл
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

novyi-trudovoi-kodeks.jpg - 142.60 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4445
Статьи : 386
Просмотры материалов : 1798856
Қазір сайтта
Сейчас 54 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

16 қаңтарда облыстық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ақпарат сағаты өтті. Ақпараттық сағатта ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына талдау жүргізіліп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін заңдар туралы, зейнетақы жүйесі туралы айтылды.

толығырақ

 

«Аққан жұлдыз жарығы»

12 қаңтарда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына145 жыл толуына орай «Аққан жұлдыз жарығы» атты әдеби бенефис өтті.

толығырақ

 

«Тәуелсіздік дәуірі»

5 қаңтар күні  «Ұлы дала қазынасы» партиялық бағыты аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті.

толығырақ

 

«Үздіккен арманның, үзілмес үміттің мекені - Астана»

27 желтоқсанда «Кітапханалық туризм» жобасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Үздіккен арманның, үзілмес үміттің мекені - Астана» атты мерекелік кеш өтті. ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың мамандары, облыстық, қалалық кітапхананың қызметкерлері және оқырмандар қатысқан шараға «Астана – жетістіктің, болашаққа ұмтылыстың нышаны», «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Г.Қалқабаева құттықтау сөз сөйледі.

толығырақ

 

«Жүрегіме мен сені көшіремін...»

22 желтоқсан күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының және Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлымен «Жүрегіме мен сені көшіремін...» атты поэзиялық кездесу кеші өтті.

толығырақ

 

«Туған өлке әуендері»

nurpeiysov3.jpg - 330.35 KbАлматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 20 желтоқсанда Р.Нұрпейісовтың туғанына 90 жыл толуына орай жазушының «Туған өлке әуендері» атты кітабына сұхбат өтті.

толығырақ

 

«Жетісу балалар кітапханасы» байқауының қорытындысы

zhetysu_bk.jpg - 420.69 KbҮ.ж. Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар әдебиетінің мәртебесін көтеру, дамыту және жас талантты ақын-жазушылар мен суретшілерді тану мақсатында "Жетісу балалар кітапханасы" айдарымен ақын-жазушылардың, суретшілердің арасында балалар әдебиеті кітаптарына байқау жарияланған болатын. Байқау төрт номинация бойынша ақын-жазушылардың, суретшілердің шығармаларын қабылдады. 14 желтоқсан күні облыстық кітапханада «Жетісу балалар кітапханасы» байқауының қорытындысы бойынша салтанатты жиын өтті.

толығырақ

 

«Тәуелсіздік –ұлттық өрлеудің ұлы күші»

jel1.jpg - 466.94 Kb

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне орай патриоттық сезімді тұлға бойына қалыптастыру, жас ұрпақты тарихты терең білуге баулу мақсатында 12 желтоқсанда «Тәуелсіздік –ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты мультимедиалық шежіре өтті.

толығырақ

 

«Желтоқсан желі ызғарлы»

 

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың дүниетанымын кеңейту, 1986 жылы желтоқсан оқиғасын таныстыру, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу мақсатында 8 желтоқсан күні «Желтоқсан желі ызғарлы» атты дөңгелек үстел өтті.

толығырақ

 

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлері «Қазақ соқырлар қоғамы» клуб қызметкерлерімен бірлесіп «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ашық есік күнін өткізді. Кітапхана қызметкерлері «Тұғыры биік, рухы асқақ, ұлы тұлға» атты кітап-фото иллюстрацияланған көрме ұйымдастырды. Кітап көрмесі бірнеше бөлімді қамтыды.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика