С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612864
Қазір сайтта
Сейчас 71 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Өлең сөздің даңғылы» Жамбыл Жабаевқа 170 жыл

Жыр даңғылы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай даланы дауылпаздай тұяғымен оятатын, тұлпардың аяқ алысына делебесі қозып, бұлбұл мен бозторғай әуезіне елітіп сүйсінетін Қазақстан елінде тағы бір мерейтой тойлануда.

толығырақ

 

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа 85 жыл

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ақиық ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқағали Мақатаевтың 85жылдық мерейтойына арналған «Өзіңсің поэзия пайғамбары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері Т.Серіков, Э.Дәуренбекова ақын сөзіне жазылған «Үш бақытым», «Сен шақырсаң» әндерін орындаса, Жетісулық журналист Қ.Андас мұқағалитану мәселелері мен мұрағаттардағы ақын хаттарымен таныстырды. Әуесқой композитор М.Егінбаев Мұқағали өлеңдеріне жазған әндерінің жазылу тарихын айтып, Ақынның жерлесі, Б.Бектұрсынов Мұқағали туралы естеліктерін ортаға салды. Оқырман назарына Республикалық Мұқағали оқуларының жүлдегерлері Д.Алтынбекұлы, А.Болатхан арнау өлеңдерін оқыды.

толығырақ

 

«Қиянда жатыр соқпағым» кітабының тұсаукесері

Тіл сарайында апта сайын өтетін "Сәрсенбінің сәтінде" әдеби кеші аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен шыққан Жанкелді Заманбекұлының «Қиянда жатыр соқпағым» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Иә, расында да ақындарсыз бұл өмірді елес­тету мүмкін емес. Ақын – қашанда халқымен бірге. Ол ұлтының барын түгендейтін тұлға. Қазақ өлең-жы­рының көш керуеніне кәусар бұлақтай таза да мөлдір, кестелі де келісті жырларымен келіп қо­сыл­ған талант иесінің бірі ақын Жанкелді Заманбекұлы.

толығырақ

 

«Жамбыл айлығы»

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР !

Жыр алыбы Ж. Жабаевтың – 170 жылдық мерейтойы қарсаңында 2016 жылдың 28 қаңтар - 28 ақпан аралығында Қазақстан Жазушылар одағы «Жамбыл айлығын» жариялады.

Жамбыл айлығы аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұлы ақынның мұрасын зерттеу, зерделеу, насихаттау бағытында кітап көрмесі, ұсыныс тізімдер, ән-жыр кешінінің бағдарламасын ұсынады.

толығырақ

 

Композитор Жұман Тұрдиевтің «Ән тербетер жүректі» әндер жинағының тұсаукесері

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген.Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Сондай адамның бірі әуесқой композитор Жұман Тұрдиевтің С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық  әмбебап  кітапханасында Алматыоблысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарыққа шыққан «Ән тербетер жүректі » әндер жинағының тұсаукесері өтті.

толығырақ

 

«Болашақты болжаған кемел жолдау»

 

Қаңтар айының 22 күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада ҚР Президентінің 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында «Болашақты болжаған кемел жолдау» атты ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағатқа Алматы облыстық Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы А.З.Махатов, Ұ.Ө.Самалбаева «Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүшелері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

толығырақ

 

«Дін ислам – алтын діңгегім»

Хақ исламды қатыгез көрсетіп, дін ұстанғандарды лаңкестікке тәрбиелеп жүргендердің бір ғана мақсаты - халықты тілі мен тарихынан, діні мен дәстүрінен алшақтату. Ал тілі мен тарихынан, діні мен дәстүрінен айырылған мемлекеттің өзінен-өзі жоғалары айтпаса да түсінікті. Сол үшін діндегі қаттылық яғни, басқа бағыттағылар қоғам үшін ең үлкен қауіп. Бір діннің ішінде жүріп топ-топқа бөліну, жік-жікке айырылу дінді толық түсінбегендіктің белгісі.

Міне осы мәселе төңірегінде қаңтар айының 19 күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Дінде шектен шыққандар» атты тақырыпта  дін өкілдерімен сұхбаттасу сағаты өтті.

Толығырақ

 

«Келешегімен нұрланған Қазақстан»

 

Қаңтар айының 15 күні  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ҚР Президентінің 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауына байланысты  «Келешегімен нұрланған Қазақстан» атты пікір алмасу сағаты  өтті. Пікір алмасу сағатына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметшісі Д.Жанысов, Талдықорған гарнизонының әскери полиция бастығының орынбасары Ә.Байсаков, Алматы облыстық жастар орталығының бөлім басшысы Р.Қанапиянов, Ішкі істер департаменті мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Жолдау барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңдері, саяси ахуалдың өзектілігі аталып өтілді.

Толығырақ

 

Елбасы жолдауы - ел мүддесі

Жолдауды - кітапханашылар қолдайды! С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен "Елбасы жолдауы - ел мүддесі" атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылға арналған жолдауды талқылау жиыны өтті.

Толығырақ

 


Яндекс.Метрика