С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612871
Қазір сайтта
Сейчас 75 гостей онлайн
Жаңалықтар

Сезім болып төгілген асыл жырлар

14 наурыз күні көрнекті ақын, көңіл-күй лирикалық шығармаларымен барша адам баласының жүрегін тебіренткен тума талант, Қ.Бұғыбаеваның 75 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Сезім болып төгілген асыл жырлар» атты әдеби поэзиялық кеші өтті.

толығырақ

 

Кемеңгер қаламның құдіреті

14 наурызда қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын иесі Мүсірепов Ғабит Махмұтұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Кемеңгер қаламның құдіреті» атты еске алу  кеші өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, баға жетпес мұрасының  ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруіне ықпал ету  мақсатында  ұйымдастырылды.

толығырақ

 

«Еңбегіне қарай өнбегі»

2017 жылдың 10 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Қазақстанның 40 жылдығы» колхозының председателі, екі мәрте Социалистік  Еңбек  Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері  Н.Н.Головацкийдің 105 жылдық  мерейтой қарсаңында өмірі мен еңбегіне  арналған «Еңбегіне қарай өнбегі» атты портрет  кеші өткізілді.Іс-шараның мақсаты жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, еңбекті сүюге үндеу, ел басқару мен  ауыл шаруашылығына  еңбек етуге,  білімдерін арттыруға тәрбиелеу.

толығырақ

 

«Арулар асыл жандар»

06 наурыз күні Талдықорған қаласының  Мәдениет үйінде Алматы облыстық әкімшілігінің  ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық аналар мен қыз келіншектерге арналған  мәдени іс-шара, мерекелік кеш өтті.

толығырақ

 

«Ән тербетер жүректі»

koishibaeva 2.jpg - 379.57 KbЕл ықыласына бөленген Қазақстанның Халық әртісі Зейнеп Төлембекқызы Қойшыбаеваның туғанына биыл 80 жыл. Осы орайда кітапханада 6 наурыз күні «Ән тербетер жүректі» тақырыбында еске алу сағаты өтті. Шара барысында оқырмандарға «Күмістей күмбірлеген әсем дауыс» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіліп, өмірінен бейнеролик көрсетілді.

толығырақ

 

«Ақ боз үй»

ak_boz_uy.jpg - 30.18 KbКөрнекті жазушы, кинодраматург С.Елубайдың 70 жасқа толуына орай 3 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Ақ боз үй» трилогиясы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің студенттерімен пікір алмасу сағаты өткізілді. «Ақ боз үй» трилогия-романы 1932 жылғы аштық пен 1937 жылғы репрессия туралы. Қаламгердің қайсар батылдығынан, керек десеңіз, батырлығынан туған шығарма адамды баурап алары сөзсіз. 

толығырақ

 

«Қазақстан - Қайырымды ел»

algys_kuny.jpg - 155.25 Kb2017 жылдың 1 наурыз күні Талдықорған қаласы Достық үйінде «Алғыс айту» күніне орай «Қазақстан - Қайырымды ел» атты форумға С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері «Бір шаңырақ астында» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

"Ел қорғаны-Ескелді би, жер қорғаны-Қабанбай батыр" атты онлайн-конференция

babalar.jpg - 352.80 Kb28 ақпан С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Ескелді би мен Қабанбай батырдың туылғанына 325 жыл толуына орай "Ел қорғаны-Ескелді би, жер қорғаны-Қабанбай батыр" атты онлайн-конференция ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты осы ұлы бабаларымыз жайлы толық мағлұмат алу. Конференцияға Қаратал ауданы, Ескелді ауданы, Алакөл ауданы және Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны, ескерткіштерді қорғау жөніндегі орталық қатысты.

толығырақ

 

«Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегмановпен кездесу кеші

27 ақпан күні С. Сейфуллин атындағы Алматы облысы әмбебап кітапханасында  ұлттық-этнографиялық басылым «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегмановпен кездесу кеші өтті.

толығырақ

 

«ЖаҺандық бәсекеге қабілеттілік: цифрлы кітапханаларды дамыту» тақырыбында Қазақстан кітапханаларының жағдайы мәселелері туралы Көркемдік кеңестің кеңейтілген отырысы

nabrk10.jpg - 89.38 Kb24 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ЖаҺандық бәсекеге қабілеттілік: цифрлы кітапханаларды дамыту» тақырыбында Қазақстан кітапханаларының жағдайы мәселелері туралы Көркемдік кеңестің кеңейтілген отырысына С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры М.Нұрғалиева мен кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Искакова қатысып келді. Сондай-ақ, арнайы кеңейтілген көркемдік кеңестің отырысына ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің өкілдері, ҚР депутаттары, облыстық кітапханалардың басшылары, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандары қатысты.

толығырақ

 

«Балқаш көлі»

23 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен №18 орта мектеп-лицейі  бірлесе отырып жері шұрайлы, қойнауы құтты, топырағы киелі мекеннің бірі, жер жәннаты  Жетісу облысының құрылғанына 150 жыл толуына байланысты «Балқаш көлі» атты тақырыбында пресс конференция аталған мектеп-лицейінде өткізілді.

толығырақ

 

«Мұқағали мұрасы»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға аранлған бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» мәдениет қызметкерлері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақпан айының тоғызыншы жұлдызында ақын ескерткішінің басында ақын рухына тағзым етуді игі дәстүрге айналдырып келеді. Осы игі бастаманың жарасымды жалғасы ретінде 16 ақпан күні «Мұқағали оқуларын» ұйымдастырған еді.

Толығырақ

 

«Ерлік кездейсоқ болмайды»

14 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Ауған соғысының ардагерлерімен «Ерлік кездейсоқ болмайды» атты ерлік сағаты өтті. Әр соғыстың тарихы бөлек болғанымен, табиғаты бір.

Толығырақ

 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына арналған Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен онлайн режиміндегі кездесуге республикамыздың облыстық кітапханалары қатарында Алматы облыстық кітапханасының қызметкерлері де қатысып, пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Толығырақ

 

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

9 ақпан күні Талдықорған  қаласы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында қазақ поэзиясының хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден «Жырлайды жүрек» Х облыстық әншілер байқауы өтті.

Толығырақ

 

Ақын рухына тағзым

kos.jpg - 22.50 KbЕгер ұлы ақын тірі болса 86-ға толар еді...

Осы айтулы күнге орай өмірін өлеңге, өлеңін мәңгілік өмірге айналдырған Хан Тәңірінің мұзбалағы, дара талант М.Мақатаев рухына тағзым ету үшін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі және қазақ соқырлар қоғамы мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандар, сондай-ақ студент жастардың қатысуымен «Жастар» саябағындағы ақынның ескерткіш бюстіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.

толығырақ

 

«Өлмес бейнелері есімізде...»

8 ақпан күні кітапханада КСРО және Қазақстанның халық әртісі, атақты актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай оқырман қауымға «Өлмес бейнелері есімізде...» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Толығырақ

 

«Жолдау-жарқын істер жалғасы»

zholdau_kos.jpg - 104.13 KbЕлбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Осыған орай, 6 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Жолдауды насихаттау мақсатында «Жолдау-жарқын істер жалғасы» атты дөңгелек үстел өтті.

толығырақ

 

Қысқы Универсиада туралы оқырмандарға арналған слайд-шоу өткізілді.

2 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтіп жатқан қысқы Универсиада туралы оқырмандарға арналған слайд-шоу өткізілді. Көрсетілім кезінде кітапханашы А.Ишамбаева универсиаданың тарихына тоқталды.

Толығырақ

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУ»

2 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында өткізілген «Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУ» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы туралы ақпараттық сағат өтті. Өту барысында мекеме басшысы М.Нұрғалиева кітапхана қызметкерлеріне ҚР Президентінің билік тармақтар арасында өкілеттілікті қайта бөлу мәселері жөніндегі Үндеуі жайлы таныстырды.

Толығырақ

 

«Нұрлы болашақ жолында»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы: 2050» бағдарламасын насихаттау жолында «ҚР Мүгедектерді қорғау туралы Заңдардың» жалпы ережелерімен, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, әлеуметтiк көмек көрсету сондай-ақ, қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешенімен таныстыру мақсатында 26 қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Нұрлы болашақ жолында» атты ақпараттық сағат  өтті.

толығырақ

 

«Аты аңызға айналған ән әлемінің патшайымы»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен №4 орта мектепте қазақ ән өнерінің дара тұлғасы, Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп әлемдік аренаға шығуына үлкен үлес қосқан Роза Бағланованың туғанына 95 жыл толуына орай  «Аты аңызға айналған ән әлемінің патшайымы» атты ән кеші өтті. Іс-шараның мақсаты, Роза Бағланованың ғұмыр жолы мен жасаған еңбектерін, репертуарындағы әндерді кеңінен насихаттау, жастардың қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

толығырақ

 

«Барша қазақтың Димашы»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам»,-деген болатын. Кемеңгер тұлғаның қазақ ұлтының сахнасында қалдырған ізі мен ел жүрегінде жатталған жылы бейнесі, көрегендігі мен ұлттық мүддені қырандай күзеткен болмысы бүгінде үлкен үлгіге айналған. Кемеңгер тұлғаның 105 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде 18 қаңтарда клуб қызметкерлерімен бірлесіп «Барша қазақтың Димашы» атты еске алу сағатын өткізді.

Толығырақ

 

«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тұлғатану сағаты

konaev1.jpg - 294.06 Kb Д. А. Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Балқаш ауданы,Желторанғы ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастаған.Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды. Д.Қонаев билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірген қайраткер.Ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 42 қала пайда болды. Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы да жоғары деңгейде дамыды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі  ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектері мен зерттеулер жазған. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізіп, өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Мемлекет қайраткері  Республикалық партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өрісі биік жан екенін көрсеткен.

Толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика