С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

ҚР мемлекеттік рәміздері

Жетісу ақындары жырлайды
"Жетісу балалар кітапханасы"
Қазақ хандығына 550 жыл
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

novyi-trudovoi-kodeks.jpg - 142.60 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4445
Статьи : 386
Просмотры материалов : 1798846
Қазір сайтта
Сейчас 42 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Желтоқсан желі ызғарлы»

 

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың дүниетанымын кеңейту, 1986 жылы желтоқсан оқиғасын таныстыру, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу мақсатында 8 желтоқсан күні «Желтоқсан желі ызғарлы» атты дөңгелек үстел өтті.

толығырақ

 

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлері «Қазақ соқырлар қоғамы» клуб қызметкерлерімен бірлесіп «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ашық есік күнін өткізді. Кітапхана қызметкерлері «Тұғыры биік, рухы асқақ, ұлы тұлға» атты кітап-фото иллюстрацияланған көрме ұйымдастырды. Кітап көрмесі бірнеше бөлімді қамтыды.

толығырақ

 

«Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық кітапханада 29 қарашада «Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті.

толығырақ

 

«Даналық және далалық мегалит»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 28 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Талдықорған қаласының №18 орта мектеп-гимназиясында 7-сынып оқушыларымен «Даналық және далалық мегалит» атты пресс-мозайка өтті.

толығырақ

 

«Ықылас тамшысымен жүректі жылытамыз»

Жыл сайын қазанның әр екінші жексенбісі көңілі жарым, денсаулығында кемістігі бар жандарға мейірім сыйлауға үндейтін мереке ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы үйге қызмет көрсететін тұрақты оқырмандарына кітап сыйлап, қуанышқа бөледі.

толығырақ

 

«Парасат билігіндегі Президент»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  23 қарашада Талдықорған қаласының  № 54380  әскери бөлімінде  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Парасат билігіндегі Президент» атты тұлғатану сағаты өтті.

толығырақ

 

«Ұлт тағдырын ойлағандар»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне  100 жыл толуына орай 21 қараша күні «Ұлт тағдырын ойлағандар» атты оқырмандар конференциясы өтті.

толығырақ

 

« Жетісу балалар кітапханасы»

"Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен балалар әдебиетінің мәртебесін көтеру, дамыту және жас талантты ақын-жазушылар мен суретшілерді тану мақсатында "Жетісу балалар кітапханасы"айдарымен ақын-жазушылардың, суретшілердің арасында балалар әдебиеті кітаптарына жарияланған байқау бойынша 15 қарашада облыстық кітапхананың оқу залында комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен сараптамалық комиссия отырысында ақын-жазушылардың, суретшілердің арасында балалар әдебиеті кітаптарына, 47 автордың шығармаларына кезек- кезек тоқталып, талдау жасалынды.

толығырақ

 

«Латын әліпбиі - Рухани жаңғырудың негізі»

latyn_korme1.jpg - 345.43 KbЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын негізге ала отырып, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында 15 қараша күні «Латын әліпбиі - Рухани жаңғырудың негізі» атты көрменің салтанатты ашылуы болды.

толығырақ

 

«Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп»


Елбасының «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» атты мақаласы іс-шаралар жоспарына сәйкес 9 қараша күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-сазгер Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Асқақ үнді, әсем ырғақты сазгер» атты әдеби-әуезді кеш өтті.

толығырақ

 

«Құдаш Мұқашев лирикасындағы философиялық түйін»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала студенттеріне ү.ж. 25 қазанда ақын Құдаш Мұқашевтің 85 жасқа толуына орай  «Құдаш Мұқашев лирикасындағы философиялық түйін» атты әңгіме жүргізілді.

толығырақ

 

«Өмірге ғашық жүректер»

ardagerler.jpg - 194.27 KbҚазанның 18 күні «Қазақ соқырлар қоғамы» клубында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сауықтыру, олардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында өткен Қалалық Ардагерлер хорының «Өмірлік қуаныш» атты мерекелік коңцертіне С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін бөлім қызметкерлері «Өмірге ғашық жүректер» атты фотосуретті кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Зайырлы мемлекет және жоғары руханият – біртұтас ұлт тұғырнамасы»

din2.jpg - 73.17 Kb16 қазанда Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Алматы облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият – біртұтас ұлт тұғырнамасы» атты республикалық семинар-кеңес өтті.

толығырақ

 

«Кітапхана рухани жаңғыру жолында. Кітапханалық сайттар: дамыту жолдары мен мүмкіндіктері»

seminar_akshy3.jpg - 406.41 Kb13 қазан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы бірлесіп ұйымдастыруымен қазіргі заман талабына сай кітапханалар қорларының ашық болуы, ақпаратқа сұранысты тасымалдау, ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ететін кітапханалар веб-сайтын дамытуды іске асыруда кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында «Кітапхана рухани жаңғыру жолында. Кітапханалық сайттар: дамыту жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында Іле ауданының Ақши ауылында облыстық семинар-кеңес өтті.

толығырақ

 

«Алаш қозғалысы: тарих пен тағлым»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапаханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаш қозғалысының  100 жылдығына орай Алаш арыстарының  еңбектерін ел жадында жаңғырту мақсатында 12 қазанда «Алаш қозғалысы: тарих пен тағлым» атты дөңгелек үстел өтті.

толығырақ

 

«Қарты бардың - қазынасы бар»

4 қазанда жастардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпау және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Қарты бардың - қазынасы бар» атты салтанатты кеш өтті.

толығырақ

 

Жаһандық көзқарас»

2017 жылы 28 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасының қызметкерлері «ИФЛА: Жаһандық көзқарас» тақырыбында кітапхана қауымдастығы арасында ұйымдастырылған халықаралық пікірталас аясында пікіралмасу өткізді. Бүгінгі күні ИФЛА қызметінің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі-кітапханалардың белсенді, сауатты қауымдастықтарын құруды бағыттау.

толығырақ

 

«Жетісудың сал серісі»

Қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрлардың бірі - ән мен күй. Қазақ елінің мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Осы тұрғыда Жетісу жеріндегі әншілік мектептің қалыптасуына ұйытқы болған дара тұлғаның бірі, ән өнерінің шебері ақын, әнші, сазгер Сәдіқожа Мошанұлының туғанына 100 жыл толуына орай 27 қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында еске алу кеші өтті.

толығырақ

 

«Ерлігі мұра-Ескелді»

26 қыркүйекте Ескелді би Жылкелдіұлының 325 жылдығына орай Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы аясында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен ғылыми-практикалық конференцияға С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы «Ерлігі мұра-Ескелді» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Азаттықтың арқауы, елдік рухтың қайнары – Алаш қозғалысы: тарихы мен тағлымы»

20 қыркүйек күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған  «Алашордалықтардың ұлт тарихындағы орны мен маңызы» атты  ғылыми-теориялық конференцияға С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы «Азаттықтың арқауы, елдік рухтың қайнары – Алаш қозғалысы: тарихы мен тағлымы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Тілім менің – ғасырлардан аманат»

20 қыркүйек - Тілдер күніне орай С.Сейфуллин  атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Талдықорған қаласының политехникалық колледж студенттері және ұстаздарының қатысуымен «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты мәдени шара өтті.

толығырақ

 

«Ақын есімі – ел есінде»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыркүйектің 11 мен 15 аралығында облыстық кітапханада «Кітапхана – даналық мектебі» атты ашық есік күндері өтіп жатыр. Ашық есік күні шеңберінде қаланың студенттеріне, мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылып, кітапхананың құрылымы, қордың орналасу тәртібі, анықтама аппараты, мерзімді басылымдар қоры, электронды ресурстар мен мүмкіндіктері туралы айтылып келеді.

толығырақ

 

«Ғазиз жүрек Ғалидың нұрлы әлемі»

5 қыркүйекте Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы Ғали Ормановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ғазиз жүрек Ғалидың нұрлы әлемі» атты еске алу кеші өтті.

толығырақ

 

«Ата Заң –азаттық айғағы, болашақ бағдары»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен  29 тамызда Талдықорған қаласының №54380 әскери бөлімінде  Конституция  күніне орай  «Ата Заң –азаттық айғағы, болашақ бағдары» атты ақпараттық сағат өтті.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика