С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612824
Қазір сайтта
Сейчас 32 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Алты алаштың арысы»

Табалдырықтан аттаған биылғы жыл айтулы оқиғаларға толы. Солардың бірі – қазақтың ардақты перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, көсемсөзші, ғалым, аудармашы - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханұлының туғанына 150 жыл толуына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы«Алты алаштың арысы» атты оқырман-конференциясын өткізді. Шараға Ө.Жолдасбеков атындағы академияның ректоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Д. Сүлейменұлы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі,т.ғ.к, доцент Б.Е.Олжабайұлы, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп лицейінің ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ.Б.Серікболқызы, оқушылар, тұрақты оқырмандар қатысты. Шара барысында Әлихан Бөкейханұлы өмірі мен шығармашылығы, ұрпақтары туралы баяндамалар оқылып, «Қайсар рухты қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Алаштың Әлиханы" бейнефильмі көрсетілді.

толығырақ

 

«Көркем сөз зергері»

Наурыз айының 10-да С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл толуына орай жазушының шығармашылығымен таныса отырып, келешек ұрпақты рухани тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеп, оқырман жадында қалдыру мақсатында «Көркем сөз зергері» диалог шолу көрмесі өтті.

Толығырақ

 

Әлемнің тірегі – Әйелдің жүрегі

Барша әлемге жылулық сәулесін сеуіп, көктемнің шуақты күндерімен қатарласа келетін, перзентіне жарық өмір сыйлап, жүрегіне мейірім қондырған, бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған біздің аяулы да, ардақты  оқырман аналарымыз, мейірімді әжелеріміз, әдемі аруларымыздың мерекесіне орай кітапханада «Әлемнің тірегі – Әйелдің жүрегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге ардақты аналар, әжелер, ару қыздар туралы өлең-жырлар топтастырылған ақын-жазушылардың кітаптары және мерзімді басылымдар, фото-суреттер, дәйек сөздермен безендіріліп қойылды.

 

 

Ортақ шаңырақ аясында

Қазіргі таңда тағдыр тоғыстырған Жетісу жерінің көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күніне орай 1- наурызда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасыІ.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының фойесіне «Ортақ шаңырақ аясында» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Толығырақ

 

Алғыс–сөздің асылы

Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі.

Толығырақ

 

«Асыл сөзді абыз ақын» Жамбыл Жабаевтың 170 жыл толуына арналған әдеби-қонақжай

zhambyl.jpg - 102.52 KbЖамбыл  өлендерін оқырман жүрегіне ұялату, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, ақынымызды ұрпақ жадына сақтау мақсатында 29 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Асыл сөзді абыз ақын» Жамбыл Жабаевтың 170 жыл толуына арналған әдеби-қонақжайы өтті.

толығырақ

 

«Жат жерде от кешкендер» ерлік сабағы

19 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Ауған соғысының ардагерлерімен «Жат жерде от кешкендер» ерлік сабағы өтті. Әр соғыстың тарихы бөлек болғанымен, табиғаты бір. Бұл қасіретті де, қайғылы соғыс қаншама ер жүрек жауынгерлердің басына ұмытылмас қайғы әкеліп, өмірін қыршынынан қиды.

толығырақ

 

Н.Назарбаев «Книга раздумий», Жүсіп Баласағұн «Ақыл кітабы», Дешті-қыпшақ жырлары, Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала» кітаптарының тұсаукесері

18 ақпан 2016 жылы Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолдауымен танымал жазушы Роллан Сейсенбаевтың «Менің 100 кітабым»сериясымен Н.Назарбаев «Книга раздумий», Жүсіп Баласағұн «Ақыл кітабы», Дешті-қыпшақ жырлары, Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала» кітаптарының тұсаукесері өтті.

толығырақ

 

«Өлең сөздің даңғылы» Жамбыл Жабаевқа 170 жыл

Жыр даңғылы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай даланы дауылпаздай тұяғымен оятатын, тұлпардың аяқ алысына делебесі қозып, бұлбұл мен бозторғай әуезіне елітіп сүйсінетін Қазақстан елінде тағы бір мерейтой тойлануда.

толығырақ

 

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа 85 жыл

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ақиық ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқағали Мақатаевтың 85жылдық мерейтойына арналған «Өзіңсің поэзия пайғамбары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері Т.Серіков, Э.Дәуренбекова ақын сөзіне жазылған «Үш бақытым», «Сен шақырсаң» әндерін орындаса, Жетісулық журналист Қ.Андас мұқағалитану мәселелері мен мұрағаттардағы ақын хаттарымен таныстырды. Әуесқой композитор М.Егінбаев Мұқағали өлеңдеріне жазған әндерінің жазылу тарихын айтып, Ақынның жерлесі, Б.Бектұрсынов Мұқағали туралы естеліктерін ортаға салды. Оқырман назарына Республикалық Мұқағали оқуларының жүлдегерлері Д.Алтынбекұлы, А.Болатхан арнау өлеңдерін оқыды.

толығырақ

 

«Қиянда жатыр соқпағым» кітабының тұсаукесері

Тіл сарайында апта сайын өтетін "Сәрсенбінің сәтінде" әдеби кеші аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен шыққан Жанкелді Заманбекұлының «Қиянда жатыр соқпағым» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Иә, расында да ақындарсыз бұл өмірді елес­тету мүмкін емес. Ақын – қашанда халқымен бірге. Ол ұлтының барын түгендейтін тұлға. Қазақ өлең-жы­рының көш керуеніне кәусар бұлақтай таза да мөлдір, кестелі де келісті жырларымен келіп қо­сыл­ған талант иесінің бірі ақын Жанкелді Заманбекұлы.

толығырақ

 

«Жамбыл айлығы»

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР !

Жыр алыбы Ж. Жабаевтың – 170 жылдық мерейтойы қарсаңында 2016 жылдың 28 қаңтар - 28 ақпан аралығында Қазақстан Жазушылар одағы «Жамбыл айлығын» жариялады.

Жамбыл айлығы аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұлы ақынның мұрасын зерттеу, зерделеу, насихаттау бағытында кітап көрмесі, ұсыныс тізімдер, ән-жыр кешінінің бағдарламасын ұсынады.

толығырақ

 

Композитор Жұман Тұрдиевтің «Ән тербетер жүректі» әндер жинағының тұсаукесері

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген.Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Сондай адамның бірі әуесқой композитор Жұман Тұрдиевтің С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық  әмбебап  кітапханасында Алматыоблысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарыққа шыққан «Ән тербетер жүректі » әндер жинағының тұсаукесері өтті.

толығырақ

 

«Болашақты болжаған кемел жолдау»

 

Қаңтар айының 22 күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада ҚР Президентінің 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында «Болашақты болжаған кемел жолдау» атты ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағатқа Алматы облыстық Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы А.З.Махатов, Ұ.Ө.Самалбаева «Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүшелері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

толығырақ

 

«Дін ислам – алтын діңгегім»

Хақ исламды қатыгез көрсетіп, дін ұстанғандарды лаңкестікке тәрбиелеп жүргендердің бір ғана мақсаты - халықты тілі мен тарихынан, діні мен дәстүрінен алшақтату. Ал тілі мен тарихынан, діні мен дәстүрінен айырылған мемлекеттің өзінен-өзі жоғалары айтпаса да түсінікті. Сол үшін діндегі қаттылық яғни, басқа бағыттағылар қоғам үшін ең үлкен қауіп. Бір діннің ішінде жүріп топ-топқа бөліну, жік-жікке айырылу дінді толық түсінбегендіктің белгісі.

Міне осы мәселе төңірегінде қаңтар айының 19 күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Дінде шектен шыққандар» атты тақырыпта  дін өкілдерімен сұхбаттасу сағаты өтті.

Толығырақ

 

«Келешегімен нұрланған Қазақстан»

 

Қаңтар айының 15 күні  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ҚР Президентінің 2016 жылға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауына байланысты  «Келешегімен нұрланған Қазақстан» атты пікір алмасу сағаты  өтті. Пікір алмасу сағатына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметшісі Д.Жанысов, Талдықорған гарнизонының әскери полиция бастығының орынбасары Ә.Байсаков, Алматы облыстық жастар орталығының бөлім басшысы Р.Қанапиянов, Ішкі істер департаменті мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Жолдау барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңдері, саяси ахуалдың өзектілігі аталып өтілді.

Толығырақ

 

Елбасы жолдауы - ел мүддесі

Жолдауды - кітапханашылар қолдайды! С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен "Елбасы жолдауы - ел мүддесі" атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылға арналған жолдауды талқылау жиыны өтті.

Толығырақ

 


Яндекс.Метрика