С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612876
Қазір сайтта
Сейчас 75 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Елім деп жапа шеккендер»

30-мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімінде «Елім деп жапа шеккендер» атты кеш саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналды.

толығырақ

 

«Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі»

«Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қазіргі замандағы ислам дініне қатысты кейбір өткір мәселелер төңірегінде пікір алмасу және Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 27 мамыр күні «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында Талдықорған қаласында облыстық семинар өтті.

толығырақ

 

«Тарихтан тағлым – өткенге тағзым»

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен Ардагерлер ұйымы бірлесіп, 27 мамыр күні Ардагерлер үйінде «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шара басында кітапханашы қатысушыларды репрессия құрбандарына арналған «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Арнайы бөлмеге жайғасқан үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ардагерлердің де, жас буынның да көңілінен шығып, бүгінгі жас ұрпақ азат, тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде құрбандарды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз екенін ұғынды.

Көрменің бірінші бөліміне репрессия құрбандары болған ұлт зиялыларының кітаптары қойылды. Екінші бөлімге зұлмат жылдар жайында жазылған естеліктер жинақтары, репрессия құрбандарына арналған өлеңдер жинақтары қойылса, үшінші бөлімде қуғын–сүргінге ұшыраған жетісулық азаматтарға арналған кітаптар мен мақалалар қойылды.

толығырақ

 

«О, поэзия – гүлденген жасыл бағым»

Кітапхана - өңірдегі танымал тұлғалардың шығармаларын көпшілік оқырманға насихаттаушысы болып табылады. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету залында ақын, сазгер, облыстық мүшайралардың жүлдегері, авторлық әскери әндерден республикалық байқаудың лауреаты, Отан патриот медалінің иегері Немеребаев Жангелді Темешұлының шығармашылығына арналған «О, поэзия – гүлденген жасыл бағым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ондағы мақсат, ақынның шығармашылығын көпшілік оқырмандарға насихаттау. Сонымен бірге, поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта, тыңдай отырып, Отанын сүюге тәрбиелеу.

толығырақ

 

«ХХ - ғасырдың өр тұлғалы саңлағы»

Биылғы жылы  ақын, жазушы-әдебиеттанушы, тілтанушы, қазақтың қоғамдық-саяси қызметкері және дипломат - Олжас Омарұлы Сүлейменов 80 жаста. Осы орайда 21 мамырда Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Жетісу Мемлекеттік Университетінің «Жаратылыстану-техникалық факультетінің» студенттерімен бірігіп  «ХХ -  ғасырдың  өр тұлғалы саңлағы» атты әдеби-танымдық сағат өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастарды еліміздің ардақты азаматтарымен толығырақ таныстыру, әдебиетке, мәдениетке баулу. 

толығырақ

 

«Книги – юбиляры 2016 года» атты әуенді – қонақжай

ybilei 3.jpg - 96.63 Kb

19 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының және Алматы облыстық орыс орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Славян жазбасы мен мәдениеті күніне арналған «Книги – юбиляры  2016 года» атты әуенді - қонақжай өтті.

толығырақ

 

«Мәңгілік Ел - патриоттық актісі» жалпықазақстандық ашық диктант

2016 жылғы 18 мамырда Астана уақытымен сағат 11. 00. (синхронды түрде) С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы бағдарламасы» аясында тұрғындардың Мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми-әдістемелік әзірлеу секторының ұйымдастыруы бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел- патриоттық  актісі» атты жалпықазақстандық ашық диктанты өтті.

толығырақ

 

Жалпықазақстандық ашық диктантқа шақырамыз!!!

 

«Мың тағзым –ардагерге майдан кешкен»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы 2016 жылдың 6 мамыр күні  Алматы облыстық әкімшілік ғимаратында Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен облыс әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы кездесу кешіне «Ұлы елдің ұлағатты іздері» атты кең көлемде көркемделген Ұлы Отан соғысының тарихынан кітап көрмесін ұйымдастырды.

Толығырақ

 

«Бірлігіміз жарасқан»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» клубымен бірлесіп, достықты нығайту, қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға ықпал ету мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» атты этнографиялық думан ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Жамбыл - ұлы даланың ұлы жыршысы»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы және Жамбыл аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданындағы Қарақастек ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жамбыл - ұлы даланың ұлы жыршысы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Зиялы қауым өкілдері, аудандық, қалалық кітапхана директорлары мен кітапханашылары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілген конференцияда Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Г.Ермекбаева ғасыр жасаған  атамыздың даналық қасиеттері, жыраулық ұлы құдіреті, шыншылдығы мен турашылдығы, келешек ұрпақ үшін үлгі өнеге екендігін атап өтті.

толығырақ

 

"Өшпес із қалдырған – жарық жұлдыз"

b_shukenov1.jpg - 46.26 Kb21 сәуірде С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімі «Қазақ соқырлар қоғамы» клубымен бірлесіп Қазақ және Ресей эстрадасының әйгілі әншісі, композитор, музыкант Батырхан Шүкеновты еске алу кешін ұйымдастырды. Кеш барысында жастар Б.Шүкеновтың орындауындағы әндерді нақышына келтіре орындап, жиналған көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ, Б.Шүкеновтың шығармашылығы туралы деректер беріліп, фото-көрме қойылды.

толығырақ

 

«Кітап – ғасыр мұрасы»

2016 жылдың сәуір айының 21 күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырып отырған  «Бұл кітап әлемі...» атты Кітап айлығы аясында авторлар мен шығармашылық қызметкерлерді ынталандыру және қатысушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құштарлығын ояту, кітап оқуды насихаттау мақсатында «Кітап – ғасыр мұрасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, шараға ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ерлан Жүніс және ақын, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның музыкалық редакторы Жанкелді Немеребаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиет», «Журналистика» факультеттерінің студенттері қатысты.

Толығырақ

 

«Өрелі жырдың өрнегі»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімінде 19 сәуір күні ауыз әдебиеті «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі, елдік пен еркіндік жаршысы, ел қамқоры, сыншыл да, сыршыл күрескер Дулат ақынның шығармашылығын насхаттау мақсатында «Өрелі жырдың өрнегі» атты ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық  сағатқа кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Ақынның шығармалары «Ақын үні» атты кітап көрмесінен  орын алды.

Толығырақ

 

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

eskertkish.jpg - 87.82 Kb18 сәуір – Халықаралық Ескерткіштер мен Тарихи орындар күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұжымы жастарды еліміздің құндылықтарын, мәдени мұрасын құрметтеуге шақыру, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында қаламыздағы Ғ.Орманов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кітапханашы Ш.Сүлейменова ақынның өмірбаянына қысқаша тоқталып, өлеңінен үзінді оқыды.

Толығырақ

 

«Кітап – Мәңгілік елдің құндылығы»

2016 жылдың 15 сәуір күні Талдықорған қаласы Орталық Арбатта кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарымен кітап мерекесін өткізді. Кітапхана қорынан жинақталған үлкен масштабты кітап көрмесі орталық арбат бойымен жалғасып, көпшілік әр саладағы кітаптармен, энциклопедиялармен таныса алды.

"Кітап әлемі" акциясы аясында өткен кітап мерекесінде қала тұрғындарының кітапқа деген сүйіспеншілігінің артқаны, білімге деген құштарлығының оянғаны байқалды. Сонымен қатар, шараға қатысушыларға кітапхана туралы брошюра таратылып, сауалнама қағаздары толтырылды.

Толығырақ

 

Ғарышты бағындырған қазақ

12 сәуір – дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Еліміздің мақтанышы, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров биыл 70 жасқа толды. Осыған орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында 12 сәуірде «Жас техниктер станциясымен» бірлесіп «Ғарышты бағындырған қазақ» атты веб-шолу өтті. Шараның мақсаты – оқырмандарды, жастарды еліміздің құрметті тұлағарымен толығырақ таныстыру, патриоттық сезімге баулу. Веб - шолуда осыдан 55 жыл бұрын көкті бағындырған Ю.Гагариннің, Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, өзіміздің жерлесіміз көксулық А.Айымбетовтың өміріне, еңбек жолына тоқталып, ғарышқа ұшқан кездегі естеліктері көрсетілді. Кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптарға және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды. Жас техниктер станциясының директоры Серік Дәуітәлиев өзі басқарып отырған мекемеде 1980 жылдары кішкентай А.Айымбетовтың осы жердегі авиамодель үйірмесіне келіп, яғни ұшқыш болсам деген армандары осы үйде басталып, қиялына қанат бітіргені туралы мақтанышпен әңгімеледі. Казіргі уақытта жас түлектердің бүгінгі ғарыш тақырыбына өте қызығушылықпен қарайтындықтарын айтты. Шара барысында жас техниктер өз ойларымен бөлісіп, жасаған макеттерін көрсетіп, іс-шараға белсенді қатысты.

толығырақ

 

«Ұлыс күні, Әз Наурыз Төрімізде»

Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі  тілек тілесетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы кітапхана ұжымы «Ұлыс күні, Әз Наурыз Төрімізде» атты мерекелік дастархан ұйымдастырды. Көктемнің ең жарқын мерекесі – Наурыз мейрамына қадірлі қонақтар облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Р.Есдаулетов, мәдениет басқармасының қызметкерлері, мәдениет мекемелерінің басшылары қатысты. Наурыз шарасын әнмен көркемдеген Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері Т.Серіков, Л.Жанаманова, халықтық әжелер ансамблінің мүшесі Шара Бөркеқызы халық әндерін орындап көпшілік ықыласына бөленді. Наурыз  мерекесінен естелік ретінде қонақтарға сыйлыққа кітап ұсынылды. Мереке соңында кітапхана басшысы Мақпал Сқабайқызы көпшілік қауымды мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға ізгі ниет тілегін білдірді.

толығырақ

 

"Алаштың Әлиханы"

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімінде 11 ақпан  күні «Алаштың Әлиханы» атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге жергілікті ақын, өлкетанушы С.Тұрлан, тарих маманы Л.Қ.Нұрдәулетова, №17 кешкі мектеп оқушылары, тұрақты оқырмандар, мед. колледж студенттері қатысты.

Шараны ақын С.Тұрлан «Алаш қайраткерлері» атты өлеңімен ашты. «Хан баласының мойнында қазақтың өтелмеген қақысы бар еді, соны ақтауға тырысам, қазаққа қайтсем де қызмет қылам»,- деген Ә.Бөкейханов көзі тірісінде қандай жан еді? Айтқан сөзін орындай алды ма? Бұл сұрақтың жауабын тарих беттерінен ақтарып отырып табамыз. Ол өзінің айтқан сөзіне жетті,-деп келіп қазақ елінің тағдыры талқыға салынған сын сағатта оқыған азаматтардың басын қосып, тұңғыш Қазақ Республикасының негізін қалағанын, жарық дүниеде «Жасасын Алаш!» деп ұран салып, қазаққа қалтқысыз қызмет еткен аялуы тұлғаның 150 жылдығы, ол құрған Алашорда үкіметінің ғұмыры ұзақ болған жоқ, бірақ сол аз уақытта талай дүниенің басын қайырып кетті,-деп сөзін қорытындылады. Л.Қ. Нұрдәулетова болса Алаш партиясының негізгі қызметі, бағытына тоқталды. Жас оқырман Ә.Дәркембаев өз сөзін С.Торайғыровтың :

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді,

Бірі-Күн, Бірі-Шолпан, Бірі-Айым.

Солардан басқа кеше кім бар еді,

Толығырақ

 

«Армысың, Әз-Наурыз»

 

30 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімінде Наурыз мерекесіне орай Қазақ соқырлар қоғамы Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорнымен бірлесіп ұйымдастырылған «Армысың, Әз-Наурыз!» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мақсаты: Наурыз мейрамының тарихымен, наурызда жасалатын қазақтың әдеп-ғұрыптарымен кеңінен таныстыра отырып, ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін көпшілікке насихаттау. Кешке Облыстық Қазақ соқырлар қоғамы төрағасы А.З.Махатов, «Бәйтерек» соқырлар қоғамы бастауыш ұйымының төрайымы – Ұ.Ө.Самалбаева, Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Ж.Ж.Батыров, кітапхананың тұрақты оқырмандары және мәдениет қызметкерлері қатысты.

толығырақ

 

«Мәдениет - ұлттық рухтың мәйегі»

30 наурыз 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ұлттық рухымызды көтерер «100 нақты қадам»,  «Мәдени мұра», «Ұлы дала елі» бағдарламаласын жүзеге асыру мақсатында Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандық кітапханалары және М.Тынышбаев атындағы облыстық өлкетану мұражайы арасында «Мәдениет - ұлттық рухтың мәйегі» онлайн-конференция өтті.

толығырақ

 

Ғылым тарланы

28 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Е.Ерғожиннің 75 жасқа толуына байланысты оқырмандар арасында «Ғылым тарланы» атты тұлғатану сағаты өтті. Шараға «Ғылым тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Сонымен қатар, кітапханашы Ш.Сүлейменова ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектерінен баяндама оқыса, көрермендер назарына академиктің өмірі жайлы «Асу асқан» атты видео-слайд ұсынылды.

Толығырақ

 

«Қазақ өнерінің қара шаңырағы - театр»

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында кітапхана мен театр өкілдерінің өзара жұмысын жандандыру, байланыс орнату, оқырмандарға театр әлемі туралы бүгінгі ахуалы, театр қайраткерлері туралы көпшілік оқырманға кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақ өнерінің қара шаңырағы - театр» атты әдеби-қонақжай өтті.

толығырақ

 

«Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар» онлайн-семинар

seminar_ulttyk.jpg - 101.72 Kb17 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар» тақырыбындағы онлайн-семинарға С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы, Талдықорған ОКЖ-сі және Іле аудандық кітапханасы қатысты. Онлайн - семинарда Ұлттық кітапхананың сирек кезесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің маманы Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызы ҚР Ұлттық кітапханасында сирек кездесетін 1000-нан астам қолжазбалар (қазақ, орыс, шығыс тілдерінде), қазақ кітаптарының топтамасы, Қазақстан жайлы еңбектер, Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары, шығыс баспа кітаптары, орыс кітаптары, Европаның көне баспа кітаптары, микрофильмдер, кітаптардың электрондық көшірмелері барын, соның ішінде  ең көнесі куфа жазуымен жазылған «Құран» (ХII ғ.), аса құнды деп саналатынын айтты.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика