С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612872
Қазір сайтта
Сейчас 76 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

22-қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасырлық тарихы бар, қасиетті тіліміз күніне орай зағип  және нашар көретін азаматтар арасындағы әртүрлі ұлт өкілдерінің қазақ тіліне, өнеріне, әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығын тудыру арқылы Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал ету мақсатында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Арнайы ұйымдастырылған «Туған тілім-төрге шық» атты кітап көрмесіне ақын-жазушыларымыздың ана тілі туралы өлең шумақтары, қанатты сөздер, тілге қатысты көптеген кітаптар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

Толығырақ

 

«Жырмен әлдилеген туған жерім»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында  қасиетті Жетісу жерінде туып, 70 жылғы өмірін осы өлкеде өткізген жыр дауылпазы, Қазақ ССР-нің халық ақыны Темірғали Рүстембекұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Жырмен әлдилеген туған жерім» тақырыбында тұлғатану кеші өткізілді.

Толығырақ

 

«Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке»

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Астана қаласында 2016 жылдың 15-16 қыркүйегінде  «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» тақырыбында Қазақстан Республикасы Халықаралық Кітапханашылар конгресі өтті. Конгресс  жұмысына  әлем және ТМД елдерінен: Ресей, Молдова, Украина,  Беларуссия,  Грузия, Әзірбайжан, Иран Ислам Республикасы Ұлттық кітапханаларының өкілдері қатысты. Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы (ИФЛА), Еуразия  Кітапханалары Ассамблеясы (БАЕ) өкілдері, саясат және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, меценаттар, мәдениеттанушылар, және кітапханашылар қатысты.  Аталмыш шарадан біздің өңірдің кітапханашылары да қалыс қалған жоқ. Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының кітапхана директорының орынбасары Жұмабекова Бақтылы Баймолдақызы, Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Есімова, Іле аудандық кітапхана директоры М.Жабиева, әдіскер Қ.Бұдұғұлова, балалар кітапханасының меңгерушісі А.Амантаева, кітап қорын өңдеу бөлімінің меңгерушісі Ұ.Буланбекова, Талғар аудандық кітапханасының әдіскері Р.Тоқмырзаева, Панфилов аудандық кітапханасының директоры Д.Сұлтанбекова, Ұйғыр аудандық кітапханасының директоры А.Тұрсынова, әдіскер Ж.Тұңғатарова, Қарасай аудандық №1 филиал Балалар кітапханасының меңгерушісі Т.Гончаренко, №3 филиал Үшқоңыр ауылдық кітапханасының меңгерушісі А.Үмбеталиева  қатысты.

Толығырақ

 

«Жерұйық мекен - Жетісу»

Астана қаласындағы Алматы облысының күндері аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан кітаптардың 10 жыл толуына орай «Жерұйық мекен - Жетісу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - Жетісу мен Астана өңірінің тұрғындары арасында мәдени байланыс орнату, жастарды жүйелі оқуға баулу, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Жетісулық ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау барысында Астана қаласының тұрғындарына Алматы облысының мәдени өрлеу мен өмір жетістіктерін, мәдениет саласының нығайғанын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен ұштастырып көрсету. Халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің лайықты орнын көрсету.

толығырақ

 

«Қожа Ахмет Яссауи хикметтері - тәрбиенің қайнар көзі»

9 қыркүйек сағ. 11.00 – де ЮНЕСКО шешімімен 2016 жыл - Қожа Ахмет Яссауи жылы болып жарияланғандықтан,  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен  Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық кітапхананың оқу залында «Қожа Ахмет Яссауи хикметтері - тәрбиенің қайнар көзі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

толығырақ

 

«Тәуелсіздік тірегі – Ата заң»

1.jpg - 173.71 Kb29 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ата Заңының 21 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Тәуелсіздік  тірегі – Ата заң» атты тарихи-танымдық сағат өтті.  Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жүргізілді.

толығырақ

 

«Конституция–арайлы азаматтығымыздың айғағы»

26-тамыз күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі Қазақ соқырлар қоғамы мәдениет қызметкерлерімен бірлесіп Қаратал емдеу-сауықтыру орнында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдығына орай «Конституция–арайлы азаматтығымыздың айғағы» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

толығырақ

 

«ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАСЫ: ЖАСТАР СТРАТЕГИЯСЫ»

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваның басшылығымен және зиялы қауым өкілдері профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім, жазушы-ғалым, профессор Тұрсын Жұртбай,  ақын Несіпбек Айтұлының қатысуымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАСЫ: ЖАСТАР СТРАТЕГИЯСЫ» атты Республикалық Жас кітапханашылар форумы аясында республиканың өзге өңірлерінен келген жас кітапханашылар С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасына аяқ басып, кітапхананың бүгінгі тіршілігімен, кітапхана тарихы және Жетісу өңірінің бай тарихымен танысты.

Толығырақ

 

«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі»

Сәкен Сейфуллин кітапханасының ұйымдастыруымен 12 тамыз 2016 жылы «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты домбыра күйлері антологиясының мультимедиалық шежіресі өтті.  Бүгінгі күн шын мәнінде қазақ тарихындағы «айтулы күн» екендігін атап өтіп, Елбасының тапсырмасына орай «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Мемлекет басшысының алғысөзімен халқымыздың 1000 жылдық мәдени мұрасы, домбыраға, сыбызғыға, қобызға арналған 1000 үздік таңдаулы күйлерінің антологиясы шығып отырғандығы.

толығырақ

 

«Қазақстан спортшылары – әлем спортында»

Биылғы жылдың басты додасы Рио-де-Жанейро олимпиадасының басталуына санаулы сағаттар ғана қалды. Төртжылдық доданың дүбірі жақындаған сайын әркімнің көңілінде «Бразилия төрінде Лондондағы жетістікті қайталай аламыз ба?» деген сауалдың жүргені анық.Алайда, бізге ең маңыздысы - спортшылардың сапасы екенін басты назарда ұстауды ұмытпағанымыз абзал. Лондон олимпиадасынан бері төрт жыл өтсе де сол кездегі Қазақстан спортшыларының жарқын жеңісі әлі де көз алдымызда.

толығырақ

 

«Жаралған тереңдік пен сұлулықтан»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі мен Қазақ соқырлар қоғамы клубының ұйымдастыруымен 2 тамыз күні Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, көптеген әндер мен романстардың авторы, «Жыр аққуы" атанған қазақтың белгілі ақыны М.Айтхожинаның 80 жасқа толуына орай «Жаралған тереңдік пен сұлулықтан» атты поэзия кеші өтті.

Толығырақ

 

«Өлеңнің жүйріктері – өнердің биіктері»

2016 жылы 22 шілде күні кітапхананың өнер бөлімінде әнші, актриса Нүкетай Мышбаеваның  80 – жасқа толуына орай оқырмандарға әнші шығармаларын насихаттау, оларды өнерге деген құлшыныстарын арттыру, өнер жұлдыздарына деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Өлеңнің жүйріктері – өнердің биіктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты мен міндеті таныстырылды.

толығырақ

 

«Сахна сардары»

2016 жылы 22  шілде күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ыдырыс Ноғайбаевтың 85-жасқа толуына орай «Сахна сардары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кино майталманының бірнеше кітаптары қойылып, өмірі мен шығармашылығына библиографиялық шолу жасалынды.

толығырақ

 

«Ұлы даланың кемеңгері»

Өз халқының қасірет-наласы мен қуанышын бүкіл өмірінің өзегіне арқау етіп, үлкен жүрегінің дархандығымен өшпес даңққа бөленген атақты сопы, философ, ғұлама ғалым, ұлы ақын Қожа Ахмет Яссауидің өмірден озғанына 850 жыл толуына байланысты 20 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Ұлы даланың кемеңгері» атты дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ

 

«EXPO тарихынан»

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болуда. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшпелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болды.

толығырақ

 

«Апатқа апарар үш індет:темекі, арақ, есірткі»

2016 жылы 14 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Апатқа апарар үш індет:темекі, арақ, есірткі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға  кітап талдауы жүргізілді.

Талдау барысында үш індет туралы  қысқаша мәліметтер берілді. Соның ішінде қазіргі таңда қоғамдық кеселге айналып отырған темекі, арақ, есірткінің тигізген зардаптары мен адам өміріне қаншалықты қауіптілігі сөз етілді. Әлемде темекінің зияндылығын дәлелдейтін 50 мыңнан астам кітап басылып шыққан. Жастардың арасында темекі тарту әдеті өте кең тараған қоғамдық індетке айналғаны айтылды.

толығырақ

 

«Елбасының бағалы бастамасы, жасай бер қазағымның Астанасы» атты флэшмоб

astana kyni.jpg - 120.45 KbСарыарқа төсінде, Еуразия жүрегінде орналасқан еліміздің бас қаласы – Астана биыл 18 жасқа толды. Айтулы күнді барша қауым ерекше көңіл-күймен, үлкен қуанышпен атап өтіп жатқаны белгілі. Талдықорған қаласында да 5 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері аспаны ән-күйге бөленген әсем қала Астанаға арнап «Елбасының бағалы бастамасы, жасай бер қазағымның Астанасы» атты флэшмоб ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Ерлікке толы ғұмыр» атты конференция

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында 29 маусым күні 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай облыстық кітапхана мен Талғар аудандық, Ескелді аудандық және Ақсу аудандық кітапханалар арасында «Ерлікке толы ғұмыр» атты онлайн конференция өтті.

Мақсатымыз «Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз» – дегендей, осы өлкенің қоғам қайраткерлері, тарихшылары, өлкетанушылары өздерінің ұлт - азаттық көтеріліске арнап жазған, зерттеп жүрген еңбектерін көпшілік қауымға онлайн режимінде айтып жеткізуіне жағдай туғызу, өз отанының тарихын білумен қатар туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

толығырақ

 

«Өнердің жарық жұлдыздары»

24 маусым 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында композитор, дирижер Әли Алпысбаевтың 60 жасқа толуына орай оқырмандар назарына «Өнердің жарық жұлдыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, композитордың өмірі мен шығармашылығына «Жетісудың жарық жұлдыздары» атты библиографиялық көрсеткіш ұсынылды.

толығырақ

 

«Игі дәстүр- ел ырысы» атты дөңгелек үстел

22 mausym.jpg - 2.26 Mb22 маусымда С.Сейфуллин Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Игі дәстүр- ел ырысы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны  «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары С. Әбдіқадіров ашып, 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кіргендігі туралы, соғыс  тарихына байланысты сандарды келтіре отырып,  сол сұрапыл соғысқа аттанған боздақтарымыз жайлы баяндады, сондай-ақ Астана қаласы «Фолиант» баспасынан шыққан қазақстандықтар, Кеңес Одағының Батырларына арналған «Герои Великой Победы- казахстанцы» атты кітабын Талдықорған қаласының «Ардагерлер үйі» мүшесі Х.Шаяхметұлына, Алматы облыстық «Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамы» бірлестігінің төрағасы  Қ.Жанабаевқа,  Алматы облыстық және аудандық кітапхана директорларына сыйға тартты.

толығырақ

 

«Дәнеш- қазақ әнінің алтын көпірі» атты кітап көрмесі

danew.jpg - 11.16 KbХалықтық өнердің інжу-маржанын бойына терең дарытқан өр талант иесі-бұлбұл үнді, жезтаңдай әнші, сазгер Д.Рақышевтың туғанына 90 жыл толуына орай Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен «Дәнеш- қазақ әнінің алтын көпірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Халқымыздың ұлы ақыны Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй» атты өлеңімен  ашылған кітап көрмесіне «Саз» колледжінің оқушысы А.Еділбек пен Н.Мұқашев, Абай атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.

толығырақ

 

«ЭКСПО-2017 – болашақ келбеті»

expo 2017 .jpg - 115.77 Kb

8 маусым күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында оқырмандарды кітапхана қорындағы кітаптармен таныстыруда «ЭКСПО-2017 – болашақ келбеті» тақырыбында виртуалды көрме дайындалды. Көрмеге халықаралық байқауға келіп түскен ондаған жобалардың ішінен іріктелініп алынған үздік эскиз-идеялармен, басқа да ЭКСПО туралы мәліметтермен таныстыру мақсатында бірнеше баспасөз беттеріндегі мақалалар, тарихына байланысты энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар, әдебиеттер, газет-журналдар қойылды.

толығырақ

 

«Ерлігімнің айқын ізі жыр-аңыз, елдігімнің айғағы бұл рәміз»

3 маусым күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай «Ерлігімнің айқын ізі жыр-аңыз, елдігімнің айғағы бұл рәміз» атты флеш-моб ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Біз бақытты болашақ»

1 маусым – Балаларды қорғау күнін жыл сайын өз деңгейінде атап өту дәстүрге айналған. 2 маусым күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Біз бақытты болашақ» атты мерекелік сазды кеш өтті. Бұл күннің басты мақсаты – планетамыздың ең кішкентай тұрғындарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына және рухани ағартушылығына қолдау көрсету, сонымен бірге олардың өмірін жарқын және қызықты ету.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика