С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612866
Қазір сайтта
Сейчас 73 гостей онлайн
Жаңалықтар

Жүректің әні - көңілдің сәні.

 

kazturganova.jpg - 317.73 KbМузыка адамзаттың туа біткен әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан дүниемізді байытып, әсіресе, ұлттық сана-салтымызға баулитын сиқырлы күш. Тылсым табиғаттың, әлемнің небір ғажайыптары болатыны сияқты, азаматтың да кейбір кереметтерінің, көсемдері мен шешендерінің, даралары мен даналарының болатынын адамзат жақсы біледі. Арғысын айтпағанда, көзіміз көрген өнердің майталманы, әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі Майгүл Ибрагимқызы Қазтұрғанованың 65 жасқа толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде кітапхана қорынан Майгүл Қазтұрғанованың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, мерзімді басылымдар беттеріне жарияланған мақалалары және туыстары мен достарының естеліктері ұсынылып, дәйексөздермен безендірілді.

толығырақ

 

«Үздік оқырман-2016»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ОҚЫРМАНЫ - 2016» онлайн-байқауы аясында 2-5 желтоқсан аралығында кітапхана арасында таңдау бойынша өлшемдер арқылы оқырмандарды анықтап, 6-9 желтоқсан аралығында - «Қазақстанның үздік оқырманы-2016» айдарымен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы үздік 3 оқырманға: 1)Сүгіров Айтмолда Немеребайұлы, 2) Абилдаева Шара Бөркеқызы,  3)Батағаров Бекарыс Мырзабекұлына әлеуметтік желілерінде дауыс беруді ұйымдастырды. СҮГІРОВ АЙТМОЛДА НЕМЕРЕБАЙҰЛЫ  ең көп лайк жинап (93 дауыстан 48 ұпай), жеңімпаз атанды. (03.06.1937 жылы туылған. 79 жаста. Еңбек өтілі: 40 жыл. 25 жыл поштада байланыс техник қызметін атқарған. Қазіргі таңда зейнеткер. Тел: 25-58-14)

толығырақ

 

«Даланың дана ұрпағы»

20 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында қазақ халқының мақтанышы, колхоз құрылысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 110 жыл толуына байланысты оқырмандар арасында «Туған жерін түрлендірген тұлға» атты тұлғатану сағаты өтті. Тұлғатану сағатына Талдықорған өнеркәсіп индустрия және жаңа технология колледжінің студенттері қатысты. Шараға «Даланың дана ұрпағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Сонымен қатар, кітапханашы М.Тұяқова ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектерінен баяндама оқыса, көрермендер назарына Нұрмолда Алдабергеновтың өмірі жайлы «Нартұлға» атты видео-слайд ұсынылды.

толығырақ

 

«Желтоқсан желі ызғарлы»

9 желтоқсан күні Талдықорған қаласы Мәдениет үйінде Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тірегім» атты Алматы облысы әкімінің желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесуі өтті.

Толығырақ

 

«Егеменді елдігім-Тәуелсіздік теңдігім»

7 желтоқсан күні Жастар спорт сарайында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған Алматы облысының аудандары мен қалары  мәдениет күндерінің «Егеменді елдігім-Тәуелсіздік теңдігім» атты қорытынды гала –концерті өтті.

толығырақ

 

«Тәуелсіз Қазақстаным» пойызы»

«Тәуелсіз Қазақстаным» пойызы республикалық акциясы - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  ірі ауқымдағы әлеуметтік іс-шаралардың бірі 7 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Астана қаласынан жолға шыққан тәуелсіздік пойызы құрамында әр сала бойынша білікті де жоғары санатты мамандар халыққа кеңес берді.

Толығырақ

 

"Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім - Тәуелсіздіктің рухани тірегі"

7 желтоқсан күні Талдықорған қаласы Мәдениет үйінде Алматы облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен "Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім - Тәуелсіздіктің рухани тірегі" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш шараға С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бағытым – ислам, бақытым - Тәуелсіздік» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Елбасы мерейі- ел мерейі»

30 қараша  күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Тарих таңдаған тұлға» атты М.Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітабы бойынша медиа-танымдық сағаты өтті. Медиа-танымдық сағатына №4 орта мектептің оқушылары қатысты. Шараға «Елбасы мерейі- ел мерейі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Сонымен қатар, кітапханашы Ә.Ишамбаева Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтың жазу өмірі мен ғылыми еңбектерінен баяндама оқыса, көрермендер назарына ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі жайлы видео-слайд ұсынылды.

толығырақ

 

«Кітапханаға кітап сыйла»

29 қараша күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» іс-шарасы және «Кітапханаға кітап сыйла» акция аясында «Нұр Отан» Алматы облыстық филиалы  Алматы облысының меценаты Б.Оспановтың қолдауымен «Дарабоз» бәйгесінде жүлдеге ие болған үздік туындылар жиынтығынан тұратын «Полиграфкомбинат» ЖСШ баспаханасынан жарыққа шыққан «Кәусар бұлақ» атты балаларға арналған кітабын сыйға тартты. Шараға облыстық, қалалық кітапхана және қалалық білім  басқармасының қызметкерлері қатысты.

толығырақ

 

«Ер жолы – ел жолы»

25 қараша күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚазКСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер  Ерғожин Еділ Ерғожаұлының 75 жасқа толуына байланысты оқырмандар арасында «Ер жолы – ел жолы» атты тұлғатану сағаты өтті. Тұлға тану сағаты барысында   ғалымның еңбектеріне байланысты «Ғылым ғұмыр» атты кітап сөресі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Кітапханашы М.Тұяқова ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектерінің жетістіктерімен таныстырып өтсе, бағдарламашы Ж.Искакова  ғалымның өміріне байланысты көрермендер назарына бейне-слайд көрсетті. Шараға № 25 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

толығырақ

 

«Қазақстан – ұлы дала елі»

22 қараша күні Талдықорған қаласы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы ХІХ есеп беру-сайлау конференциясы аясында 1-Желтоқсан – Тұңғыш Президент  күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы «Қазақстан – ұлы дала елі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Өтпелі уақыт сәулесі: тәжірибе, жетістіктер, келешек»

22-қараша күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың 45 жылдық мерейтойына орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Өтпелі уақыт сәулесі: тәжірибе, жетістіктер, келешек» атты видеоконференция өтті. Конференция өз жұмысын ЗНКААРК директорының орынбасары Жұмабеков Мақсұт Тайынұлының баяндамасымен бастады. Кітапхананың 45 жылдық тарихына экскурсия жасай отырып мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кітапхананың  жетекшілік рөлі, мақсаты мен мәні, зағип мүгедектерге, олардың отбасы мүшелерінің кәсіби деңгейінің жоғарылауына көмектесу, сондай-ақ мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың рухани және сыртқы тепе-теңдікте өмір сүру үшін көрсетіп жатқан әлеуметтік көмегі туралы айтылды. Республикалық кітапхананың маңызды шараларының бірі «РБНСГ-Вести» ақпараттық журналының, «Менің жолым» дыбыстандырылған журналының шығуы, қазақ тілінде дыбыстандырылған кітап шығу тарихы, сонымен қатар аса маңызды деген құжаттарды таспаға жедел жазып кітапхана жүйесінің өнімдерін көбейтіп, әдістемелік және координациялық орталық болып  отырылғанына тоқталып кетті.

толығырақ

 

«Әнім сенсің, туған жер»

Қазақ халқының көрнекті композиторы, дирижер, ұстаз өзінің жан-жақты жемісті еңбегімен, өзіндік сипаты бар, көркемдігі биік шығармашылығымен өшпес мұра қалдырған Халық әртісі Латиф Хамиди Абдулхайұлының туғанына 110 жыл толуына орай сазгердің өмірі мен шығармашылығын  насихаттау, жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Әнім сенсің, туған жер» атты сазды кеш өтті.

толығырақ

 

«Теңге – тәуелсіздік тірегі»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында 11 қараша күні кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Теңге – тәуелсіздік тірегі» атты қаржы мамандарымен кездесу кешінде кешінде кітапханашы А. Бақтыбек осыдан 23 жыл бұрын енгізілген қазақтың төл теңгесі уақыт тезінен өтіп, тәуелсіз елдің ұлтттық валютасы ретінде танылғандығы жайында және 1993 жылдың 15 қарашасында ҚР Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойған сәті, бүгінгі таңда еліміздің ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік стандартқа сай және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында  үздіктердің қатарына енгендігін бейнелейтін слайд-шоу көрсетілді.

толығырақ

 

«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» атты ақпараттық дайджест

2016 жылдың 4 қараша күні С.Сейфуллин  атындағы Алматы  облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» атты кітабы бойынша ақпараттық дайджест сабағы өтті.
Шараның кіріспесі ҚР әнұранын орындаумен басталып, «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» атты көп томдық кітап кітапхананың жиі келетін оқырмандарына таныстырылды.

толығырақ

 

«Мәңгілік Елдің кітапханалық идеясы»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 27-28 қазан күндері С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы және Алматы аймақтық кітапханасында әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Алматы облысы кітапханаларының 2015-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мәңгілік Елдің кітапханалық идеясы» тақырыбында облыстық кітапханашылар байқауы өтті. Еліміздің Тәуелсіздік алған жылдан бері Алматы облысы мәдениетінің маңызды саласы ретінде кітапханалардың ақпараттық кеңістігінің қалыптасуын насихаттау, кітапханалардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіру, жаңашыл бағдарламалар мен кітапханалық қызметтерді дамытуға ықпалдасу мақсатында өткен байқауға Алматы облысының қалалық, аудандық кітапханаларынан шығармашылық белсенді 50 кітапхана мамандары қатысты.

толығырақ

 

«Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы»

Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіру, рухани танымын кеңейту мақсатында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 28 қазан күні «Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы» атты Абай оқулары өтті.

толығырақ

 

«Тұғыры мығым, туы биік Тәуелсіздік»

21 қазанда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміздің өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру, жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында «Тұғыры мығым, туы биік Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті.

толығырақ

 

«Кітапхана-ғажайып қазына»

20 қазанда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің 15 жылдық мерейтойына арналған «Кітапхана-ғажайып қазына» атты кездесу кеші өтті. Бұл салтанатқа көптеген меймандар мен шақырылған қауым жиналып, бөлім қызметкерлеріне осы бір атаулы күні құттықтаулар, ақ тілектер айтылып, марапаттар, гүлдер мен сыйлықтар табысталды. Кездесуді кіріспе сөзімен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы  директордың орынбасары Б.Б.Жұмабекова ашып, кітапхананың қалыптасуы мен дамуы кезеңдерін, арнайы бөлім құрудың бастауында тұрған, құрылуына атсалысқан Қ.Р.Тілеуғабылов, Л.А.Дин, С.Т.Жүйрікбаеваға шынайы алғысын білдірді.

толығырақ

 

«Ғасырда бір туатын дара тұлға»

18 қазанда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған, ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы, көркем аударма өнерінің де үздік шебері, өзінің  батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын иесі Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты әдеби сазды кеш өтті. Шараға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Сүйінбай атындағы филормонияның дәстүрлі әншісі Төлеутай Серікұлы, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп лицейінің ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.С.Қауметова, оқушылар, тұрақты оқырмандар қатысып, Қ.Аманжоловтың өмірі, шығармашылығы, ұрпақтары туралы баяндамалар оқылды.

Подробнее...

 

«Бабалар сөзі – даналық көзі»

babasoz 1.jpg - 407.15 Kb 14 қазанда «Ұлы Дала елі» акциясы бойынша «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағатқа Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейі мен Абай атындағы №1 орта мектеп, қалалық еңбек ардагерлер кеңісінің мүшелері қатысты.

толығырақ

 

«С.МҰРАТБЕКОВ ПРОЗАСЫ – АЛТЫН ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНІҢ МАРЖАНЫ»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы 13 қазан күні жазушы С.Мұратбековтың 80 жылдық мерейтойына орай ақынның 80 жылдық торқалы тойында жастар арасында мәдени байланыс орнату және жүйелі оқуға баулу, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Жетісулық ақын-жазушылардың, композиторлардың шығармаларын насихаттау мақсатында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде  «С.МҰРАТБЕКОВ ПРОЗАСЫ – АЛТЫН ҒАСЫР  ӘДЕБИЕТІНІҢ  МАРЖАНЫ» атты еске алу кешіне кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде жазушының «Қайда сол Үшқара», «Камен-тугай», «Көк орай», «Дикая яблоня» және шығармалар жинағының кітаптары қойылып, кітапханашылар Ж.Нұрлан мен А.Жанибекова шолу жүргізді.

Подробнее...

 

«1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері

brest 1.jpg - 336.29 Kb28-қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету залында тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа кафедрасының профессоры Ләйла Сейсембекқызы Ахметованың «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері өтті. Ондағы мақсат Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс білдіру, қоғам назарын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелеріне аударту.

толығырақ

 

Барлыбек Сырттановтың туғанына биыл 150 жыл толды

syrttanov1.jpg - 366.37 Kb

Халықтың өсу-өркендеуі мәдениетінің марқайып, дамуымен айшықталатыны белгілі. Ақиық ақын Ілияс бабамыз өзінің атақты «Жетісу суреттері»  атты өлеңінде: «Басың – асқар, қоңың – құм, аяғың - көл» деп жырлаған жеті өзеннің бірі ағынды Ақсудың қос қапталына орналасқан Ақсу ауданы – ежелден талай өнер тарландарының тағдыры тоғысқан, атағы алты алашқа белгілі дарынды ұлдар мен қыздардың мекені.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика