С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !
ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Поэзия патшайымы
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Жыр құлагері
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Жүйеге кіру



Тіркелу
Ауа-райы
Статистика
Пользователи : 3481
Статьи : 538
Просмотры материалов : 1476325
Қазір сайтта
Сейчас 8 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Ақын есімі – ел есінде»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыркүйектің 11 мен 15 аралығында облыстық кітапханада «Кітапхана – даналық мектебі» атты ашық есік күндері өтіп жатыр. Ашық есік күні шеңберінде қаланың студенттеріне, мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылып, кітапхананың құрылымы, қордың орналасу тәртібі, анықтама аппараты, мерзімді басылымдар қоры, электронды ресурстар мен мүмкіндіктері туралы айтылып келеді.

толығырақ

 

«Ғазиз жүрек Ғалидың нұрлы әлемі»

5 қыркүйекте Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы Ғали Ормановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ғазиз жүрек Ғалидың нұрлы әлемі» атты еске алу кеші өтті.

толығырақ

 

«Ата Заң –азаттық айғағы, болашақ бағдары»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен  29 тамызда Талдықорған қаласының №54380 әскери бөлімінде  Конституция  күніне орай  «Ата Заң –азаттық айғағы, болашақ бағдары» атты ақпарттық сағат өтті.

толығырақ

 

«Азат елдің ар намысы – Ата заң»

23 тамызда Конституция күніне орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Азат елдің ар намысы – Ата заң»  атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.

толығырақ

 

«Терроризм және оның зардаптары»

Азаматтарға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеуге, жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңыздылығын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру мақсатында ү.ж. 2 тамызында орталық мешітте С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Терроризм және оның зардаптары» атты кездесу кеші өтті.

толығырақ

 

«Күй ойнайды қазағымның қанында»

26 шілде күні С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің ұйымдастыруымен дәулескер күйші, композитор, шетелдерде өнер көрсетіп, республикалық, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған Әбдікәрім Болатұлы Кішікбаетың туғанына 75 жыл толуына орай «Күй ойнайды қазағымның қанында» атты думанды – домбыра кеші өтті.

толығырақ

 

«Тәуелсіздік белесі - ЭКСПО»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде 27 шілде күні «Тәуелсіздік белесі - ЭКСПО» атты ақпараттық сағат 10 маусым-10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтіп жатқан Халықаралық көрме аясында ұйымдастырылды.

толығырақ

 

«Әлемдік және ұлттық спорт ойындары»

Төрт жылда бір рет өтетін олимпиадада қазақ спорт саңлақтары халқының абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткені сөзсіз. Дүбірлі додадан кейін әлемде қазақ батырларына құрметпен бас иетіндер де көбейді.

толығырақ

 

«Өлеңін аялаған өр ақын»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде 19 шілде  күні жырларында қазақтың жарқын да парасатты болмысы тұнып тұрған, сыншыл да, сыршыл, лирик ақын Ғ.Орманов шығармашылығын насихаттау мақсатында «Өлеңін аялаған өр ақын» атты поэзиялық кеш өтті. Шараға кітапхана бөлімінің тұрақты оқырмандары қатысты. Ақынның шығармалары «Жүрегі толы жыр еді...» кітап көрмесінен орын алды. Сондай-ақ, тағлымды өлеңдері мен дастандары, берілген көп томдық шығармалар жинағына библиографиялық шолу жүргізілді.

толығырақ

 

«Ауылым – алтын тұғырым»

18 шілдеде «Ауыл» ХДПП (халық-демократиялық патриоттық партиясы) Алматы облысы бойынша аумақтық филиалы «Ауылым – алтын тұғырым» атты 3 томдық кітапты С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасына сыйға тартты. Ауыл тақырыбына арналған жас ақын-жазушылар арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» шығармашылық бәйгесінде үздік танылған поэзия, проза, драматургия жанрларындағы туындылар енгізілген үш томдық жинақ «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қолдауымен жарық көрген.

толығырақ

 

«Алаш деп ұран салған ақын

13 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай 2017 жылғы «Жыл кітабы» ретінде таңдалған көрнекті қазақ демократ ақыны С.Торайғыров шығармаларын насихаттау мақсатында «Алаш деп ұран салған ақын» атты ақпараттық шара өтті.

толығыпақ

 

«Ән мен кітап»

Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының Халық ақыны, драматург Мұхтар Шахановтың 75 жасқа толуына орай 10 шілдеде С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Жастар саябағында «Ән мен кітап» атты  кітап марафоны өтті.

толығыпақ

 

«Әлем таныған Астана»

2017 жылы 4 шілдеде облыстық кітапхананың оқу залында тұрақты оқырмандар мен шақырылған қала тұрғындарының қатысуымен «Әлем таныған Астана» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада «Астана - арман қала» атты слайд көрсетіліп, кітапхана библиографы Г.Түстебаева «Айбыны асқақ, тұғыры биік Астана» атты көрмеге библиографиялық шолу жасады.

толығыпақ

 

«Ел – жүрегі Астана»

Астана күніне орай  5-шілде күні «Қазақ соқырлар қоғамы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Айбыны асқақ Астана» атты мерекелік сазды кеш өтті. Айтулы іс-шараны Алматы облыстық соқырлар қоғамы төрағасы Ж.Б.Бекбаев ашып, қатысушыларды Астананың төл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ шараға арнайы шақырылған қонақтар «НПО Құрмет» қоғамдық бірлестігінен Р.А.Беришев, Л.М.Цой қатысты. Шараға С.Сейфуллин атындағы Алматы  облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім «Ел – жүрегі Астана» атты Астана тарихына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Астананың 19 жылдық тарихы кітап көрмесін құруға арқау болды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандар назарына елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды деректерге толы еңбектерді ұсынды.

толығырақ

 

«Қайырылымдық - жылы жүректен»

kayirymdylyk4.jpg - 288.21 KbС.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 23 маусымда Шығыс шағын ауданында орналасқан Алматы облысы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Қайырылымдық - жылы жүректен» акциясы өтті.

толығырақ

 

«Жаңа кітаптар сіздер үшін»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде қорға жаңа түскен кітаптарды оқырмандарға таныстыру мақсатында  22 маусымда «Жаңа кітаптар сіздер үшін» атты библиофреш өткізілді.

толығыпақ

 

«Мемлекеттік қызмет – үлкен абырой мен міндет»

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 16 маусымда облыстық кітапханада «Мемлекеттік қызмет – үлкен абырой мен міндет» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлеріне шолу жүргізілді.

толығыпақ

 

«Қазақ халқының ұлттық ойындарынан»

15 маусымда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен халқымыздың ұлттық ойындарының қалыптасу тарихы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отыратындығы туралы мағұлмат беру мақсатында мектеп лагерінің тәрбиеленушілеріне «Қазақ халқының ұлттық ойындарынан» атты дидактикалық ойын өтті.

толығыпақ

 

«Поэзия бұрышы»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Поэзия бұрышы» ашылды. Осыған орай, барлық жыр сүйер қауымның, жас ақындардың қарбалас тіршіліктен жырақта, тыныштықта бас қосып, ақындық сырларыңызды бөлісуге шақырамыз!

 

«Рухани керуен»

Тарихи, мәдени, діни құндылықтарды насихаттау мақсатында биылғы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан, қалалардың шалғай ауылдарына шығып, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау үшін облыстық кітапхана қызметкерлері ауыл тұрғындарына аудандық кітапханалармен бірлесіп, мәдени іс-шараларды өкізуді бастады.

Подробнее...

 

«Алдамшы рахаттың арбауында»

bestme_3.jpg - 55.61 Kb8 маусымда облыстық кітапхананың оқу залында тұрақты оқырмандардың, шақырылған қала тұрғындарының қатысуымен «Алдамшы рахаттың арбауында» атты мультимедиалық презентация өтті.

толығырақ

 

«Балғын балалық шақ»

1-маусым – Балаларды қорғау күнін жыл сайын өз деңгейінде атап өту «Қазақ соқырлар қоғамында» жақсы дәстүрге айналған. 2-маусым күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Балғын балалық шақ» атты мерекелік сазды кеш өтті.

толығырақ

 

«Егемен елдің мақтанышы - рәміздер»

1 маусым күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінде ҚР Рәміздер күніне орай «Егемен елдің мақтанышы - рәміздер» атты жиын өтті.

толығырақ

 

«Ұлттық қасіретті ұлықтай білу- ұлт болуымыздың кепілі»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының №54380 әскери бөлімінде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлттық қасіретті ұлықтай білу- ұлт болуымыздың кепілі» атты шара өтті. Жаппай қуғын-сүргін жылдары құрбан болған халық өкілдерін, намысшыл мызғымас рухымен ерекшеленген ұлттың зиялылар толқынын еске алу, үлкен ізет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға №54380 әскери бөлімнің қызметкерлері мен облыстық кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара бір минут саяси құрбандарды еске алумен басталып, кітапханашы М.Тұяқова 31 мамыр күнінің тарихи маңыздылығына тоқталды.

толығырақ

 
Еще статьи...


Яндекс.Метрика