С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612831
Қазір сайтта
Сейчас 40 гостей онлайн
Кітапхана туралы Кітапхана ережесі

Кітапхана ережесі

негізгі

 

БЕКІТЕМІН

С.Сейфуллин атындағы

Алматы облыстық әмбебап

кітапханасының директоры

М.Нұрғалиева ____________

«___» ___________ 2007 ж.

 

 

 

КІТАПХАНА ЕРЕЖЕСІ

 

Кітапхана – мәдени, ағартушылық, ақпараттық, білім және басқа әлеуметтік қызметтерді атқаратын, иелігінде баспа мен қолжазба, сонымен қатар графикалық, аудиовизуалдық материалдары бар және оларды жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша қолдануға беретін мемлекеттік мекеме.

1. Жалпы ережелер

1.1. Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конституциясы, «ҚР Мәдениет туралы» заңы, «ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің кітапхананы пайдалану ережелерінің жүйесі» және «С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жарғысы негізінде әзірленді.

1.2. Кітапхана кітап қорындағы кітаптарды, қолжазбаларды, аудио-бейнежазбаларды және басқа басылымдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырушы мәдени, ғылыми-ақпараттық мекеме болып табылады.

1.3. Кітапхана өзінің қорын пайдалануды, сақтауды, толық және тиімді жинақтауды қамтамасыз ете алады, мүмкіндігіне қарай, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өркендеуіне көмек береді, қоғам мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.

1.4. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекеттің меншігі болып табылады.

 

2. Кітапхананы тұтынушылардың міндеттері мен құқығы

2.1.Тұтынушылар құқығы:

2.1.1. Барлық азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар кітапхана қызметін пайдалануға құқылы.

2.1.2. Әрбір 16 жасқа толған азамат кітапхана оқырманы болып табылады.

2.1.3. Оқырман билетін алу үшін кітапханаға тіркеледі, ол үшін оқырманның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы, егер куәлігі өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы тиіс.

2.1.4. Оқырман кітапханаға жазылу кезінде кітапхана қызметін қолдану ережесімен танысып және оларды орындау міндетін тіркелу карточкасында және оқырман формулярында қол қоюымен растауы қажет.

2.1.5. ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына, мүгедектер және оларға тең азаматтарға, Алматы облысының құрметті азаматтарына кітапханада кезектен тыс  қызмет көрсетіледі;

2.1.6. Оқырман  бір жылға берілетін құжат-оқырман билетімен кітапхана  залдары мен қорларын пайдалануға құқылы

2.1.7. Оқырман  абонемент арқылы кітаптарды үйге алып пайдалануға құқылы.

2.1.8. Оқырмандар үйге кітап алғанда жеке куәлігі немесе мекен-жай анықтамасы арқылы беріледі.

2.2.Оқырмандар тең құқылы:

2.2.1. Еркін таңдау бойынша оқу мүмкіндігі, уақытша үйде қолдану немесе оқу залында кітапхана қорынан дайындалу кезінде құжаттарын алуға, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша кітапханааралық абонемент, ақпараттық-библиография бөлімі қызметін және т.б. кітапхана көрсететін кызмет түрлерімен пайдалануға;

2.2.2. Кітапхана ұйымдастыратын шараларға қатысуға;

2.2.3. Өз еркімен кітапхананың материалдық базасын нығайтуға жәрдем жасауға, кітапхананың тұтас немесе жекелеген жұмыстарына, көпшілік шараларға демеуші бола алады.

2.3. Оқырман міндетті:

2.3.1. Кітапханаға кіргенде сырт киімі мен сөмкесін киімілгішке тапсыруға, бағалы заттары мен ақшасын қалдырмауға, ұялы телефонын өшіріп қоюға міндетті;

2.3.2. Кітапты пайдаланар алдында мұқият қарап алуға, жыртылған не бүлінген жерін байқаса, дер кезінде кітапханашыға көрсетуге, керісінше жағдайда өз мойнына алуға;

2.3.3. Кітапханаға кіргенде, деректерді алғанда және кітапхана қызметін талап еткенде оқырман билетін көрсетуге, егер оқырман билетін жоғалтып алған болса, кітапхана қызметкеріне айтуға, кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстауға, олардың сақталуына көңіл бөліп, сызбауға, белгі қоймауға, оқу залынан алып кетпеуге, белгіленген мерзімде қайтаруға;

2.3.4. Ашық қорлардың тәртібін бұзбауға, каталогтар пен картотекалардан карточкаларды шығармауға;

2.3.5. Қоғамдық тәртіпті және кітапхана ішінде тазалықты сақтауға және басқа оқырмандардың сақтауын қадағалауға, кітапхана мүлкіне ұқыпты қарауға;

2.4. Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

2.4.1. Басқа адамдарға өзінің оқырман билетін беруге;

2.4.2. Кітапханаға сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен және үлкен сумкалармен, азық-түлікпен, фотоаппаратпен, магнитафонмен т.б. кіруге;

2.4.3. Деректерді және басқа материалдарды — суреттер, микрофильмдер, микроафишалар, аудио-бейне кассеталар, үнтаспалар, СD-RОМ-дар және т.б. кітапханаға алып кіруге;

2.4.4. Каталог пен картотекада карточкаларды суырып алуға, оларға белгі салуға және ашық кітап көрмелеріндегі кітаптардың орналасу тәртібін бұзуға

2.4.5. Кітапхана ішінде шылым шегуге, дауыстап сөйлеуге, күлуге және т.б.

2.5. Оқырмандар жауапты:

2.5.1. Кітап қорына зиян келтірген азаматтар ҚР «ҚР Мәдениет туралы» заңына және осы Ережеге сәйкес кітапхана алдында жауап береді.

2.5.2. Оқырман тарапынан кітапхана қорындағы баспа шығармаларына зиян келтірілсе немесе жоғалса, сол немесе ұқсас басылыммен ауыстырады, ауыстыра алмаса, кітапхана белгілеген баға бойынша, он есе нарық құны мөлшерін төлейді.

2.5.3. Егер оқырман тарапынан кітапхана Ережесі сақталмаса, онда кітапхана қызметін пайдалану құқынан айырылады:

 

1. Кітапханадан деректерді алып кеткенде, алып кетейін деп тұрғанда немесе толтырылмас зиян келтірген жағдайда кітапхана қызметін пайдалануға және қайта жазылуға құқы жоқ, жұмыс және оқу орнына, тергеу органдарына хабарлау.

2. Деректерді бүлдірген кезде: беттерін жыртқанда, қосымшасын алып кеткенде кітапхана қызметін жарты жылға пайдалануға құқы жоқ, жұмыс және оқу орнына хабарлау.

3. Оқырман билетіндегі жазбаларды өз қолымен түзеп алу және оны басқа адамдарға берген жағдайда кітапхана қызметін 6 айға дейін пайдалануға құқы жоқ.

4. Кітапхана ішінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кітапхана қызметін 3 айға дейін пайдалануға құқы жоқ.

5. Кітапханашы рұқсатынсыз кітапты кітапхананың басқа залдарына алып кету және кітапхана Ережесіне қайшы әрекет еткен жағдайда Ескерту беріледі немесе кітапхана қызметін 6 айға дейін пайдалана алмайды.

3. Кітапханашы міндетті:

3.1. Әр азаматқа оқырман құқын толық қолдануға жағдай жасауға, кітап қоры, көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат беруге;

3.1.1.Кітапхананың ішкі бөлімдері жұмысы, каталогтар мен картотекаларды пайдалану т.б. жөнінде кеңес беруге;

3.1.2. Оқырман сұранысын керекті әдебиеттер тізімі бойынша іздеуге, кейбір жағдайда жеке тақырыптар бойынша әдебиеттер іріктеуге;

3.1.3. Оқырмандарға қанағаттанарлық деңгейде қызмет көрсетуге, анықтама-библиографиялық қызмет, деректер базасын пайдалана отырып қызмет көрсетуге, жаңа түскен әдебиеттерді жүйелі түрде таныстырып отыруға;

3.1.4. Оқырман сұранысы кітапхана қорынан табылмаса, кітапханааралық абонемент жұмысын пайдалануға, ҚР ҰАК базасындағы Қазақстандық  Ұлттық Электрондық кітапханаға  сұраныс жасау арқылы қанағаттандыруға;

3.1.5. Белгіленген ережелерге сәйкес кітапхана қорындағы құжаттардың  сақталуын, пайдаланылуын, тіркелуін, есебін алуды жүргізуді қамтамасыз етуге;

3.1.6.  Оқырмандардың қолына  берілген басылымдардың өз уақытында кітапханаға қайтаруылуын бақылауға, кешіктірілген жағдайда үйіне немесе жұмыс орнына хабарласуға;

3.1.7. Жыртылған немесе беттері бүлінген баспа басылымдарын қалпына келтіруге, желімдеуге;

3.1.8. Кітапты оқырман атына жазып бергенде кітаптың бақылау бетшесіне оқырманның тіркелу нөмірін, қай күні тапсыратындығын міндетті түрде жазуға, кітап формулярын алып қалуға;

3.1.9. Кітап қорын үнемі зерттеп, әр кітаптың қанша рет айналысқа түскенін анықтап, сараптама жасап отыруға;

3.1.10. Оқырман қолынан келген кітапты тез арада өз орнына қоюға, қордың дұрыс орналасуын тұрақты қадағалауды жүзеге асыруға;

4. С.Сейфуллин атындағы ОӘК-да оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлері:

4.1. Оқырманға қызмет көрсету оқу залдарында және абонементтерде жүзеге асырылады;

4.2. Көркем әдебиет абонементінен кітапты үйге 15 күнге беру;

4.3. Салалық әдебиет абонементінен мекен-жай анықтамасы немесе жеке бас куәлігін алып қалу  арқылы беру;

4.4. Дәстүрлі және электронды каталогтар қызметі;

4.5. Жеке тақырып бойынша сұраныстарға әдебиеттер тізімін құрастыру;

4.6. Өлкетану, толықмәтінді деректер базасы мәліметтерін ұсыну;

4.7. Интернет қызметін, ҚР ҰАК базасындағы Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана қызметін пайдалану;

4.8. Мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен оқу орындарын  студенттеріне топтық экскурсия өткізу;

Кітапханада әр айдың соңғы жұмыс күні- тазалық күндерінен басқа оқырмандарға күн сайын сағат 09.00.-18.00 дейін үзіліссіз қызмет көрсетіледі.

Жексенбі – демалыс күні.

 


Яндекс.Метрика