С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

ҚР мемлекеттік рәміздері

Жетісу ақындары жырлайды
"Жетісу балалар кітапханасы"
Қазақ хандығына 550 жыл
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

novyi-trudovoi-kodeks.jpg - 142.60 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4445
Статьи : 386
Просмотры материалов : 1798885
Қазір сайтта
Сейчас 88 гостей онлайн
негізгі

Кітапхана тарихы

Еліміздің оңтүстік шығысында басын тауға, аяғын көлге, арқасын құмға төсеп, «Жер жаннаты» атанған Жетісу өлкесі құшағын жаяды. Алматы облысының аумағы – көп ғасырлық тарихы бар, өте әсем және ғажайып өлке. Қазақ халқының ежелгі мәдениеті – осы өңірдегі ескі қорған, қала орындары мен олардан табылған құнды жәдігерлерден, баға жетпес ескерткіштерден көрініс табады. Табиғаты әсем, тарихы тереңнен сыр шертер өлкенің бүгінгі келер ұрпақ жүрегіне үкілі үміт ұялатып, ертеңге деген сенімге жетелейді. Облыс орталығында орналасқан білім мен руханият бұлағынан сусындатар мәдени орындар қатарында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы – Жетісу өңірінің ең ірі ақпараттық-кітапханалық орталығы болып табылады.

1946 жылы Алматы қаласындағы «Малая станица» деп аталатын елді мекеннің ауылдық кітапханасы болып құрылудан басталды.

1949 жылдан бастап арнайы Алматы облыстық кітапханасы болып ашылды.

1978-1980 жылдар аралығында облыс көлемінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрылды.

1999 жылы облыстық балалар мен жасөспірімдер және облыстық әмбебап ғылыми-көпшілік кітапханалары жабылып, кітап қоры осы кітапханаға қосылды.

2002 жылы зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған бөлім ашылды.

2003 жылдың 28-сәуірінде облыс әкімінің №20 бұйрығымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына ауыстырылуына байланысты, кітапхана Талдықорғанға көшіріліп, ақын С.Сейфуллиннің аты берілді, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мәртебесіне ие болды. Кітапхана 1980 жылы салынған бұрынғы Талдықорған облыстық кітапхананың бейімделген ғимаратына көшірілді.

2003 жылы Алматы аймақтық филиалы ашылды.

2007 жылы кітапханаға медиатека аппаратураларымен жабдықталған ГАЗЕЛЬ автокөлігі берілді.

2008 жылы кітапханалық РАБИС бағдарламасы енгізілді.

2009 жылы облыс кітапхананың құрылғанына 60 жыл толуына байланысты мерейтойы атап өтілді. Алматы аймақтық филиалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кітапхананың келбеті қазіргі заман талабына сай жаңаша өзгертілді.

2010 жылы кітапханалық  КАБИС бағдарламасы енгізіліп, облыстағы 22 кітапхана өз оқырмандарына жаңа ақпараттық кеңістік қызметінің инновациялық түрлерін ұсынды. Кітапханада кітапхана үдерістерін автоматтандыру, өнер және ақпараттық-библиографиялық бөлімдері ашылды.

2011 жылы кітапханаға КІА жеңіл автокөлігі алынды. Кітапхананың қасбетіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кітапхана келбеті жаңартылды.

2012  жылы облыс бойынша жаңадан 12 кітапхана ашылып, кітапхана саны 261-ге жетті.

2013 жылы өлкетану, сирек және құнды әдебиеттерді сандық түрге ауыстыру үшін арнайы «Элар ПланСкан А2В» кітап сканері алынды.

2013 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған республикалық «Үздік блог» байқауында «Оқырманға арналған үздік блог» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

2014 жылы жаңадан 6 кітапхана ашылып, облыс бойынша кітапханалар саны 267 болды.

2014 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында Үшқараның...» шығармалары бойынша «Сайын Мұратбековтың прозасы – алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

2015 жылы Панфилов ауданы Диханқайрат ауылдық кітапханасы жаңадан ашылып, облыс кітапханалар саны 268 болды.

2016 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық кітапханалар арасында өткен «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауда І-орынды иеленді.

2016 жылы орталық аудандық, қалалық кітапханаларға барлығы 19 бағдарламашы штат бірлігі берілді.

2017 жылы Талдықорған қалалық ОКЖ-нің №8 кітапхана-филиалы жаңадан ашылса, Ескелді ауданы Көктөбе ауылдық кітапханасы жабылды.

2017 жылы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен  «Жетісу балалар кітапханасы» жобасы аясында ақын-жазушылар арасында байқау жарияланып, 4 номинация бойынша 8 жеңімпаздың кітаптары жарыққа шықты.

2018 жылы  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісу кітапханасы» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылар арасында байқау жарияланып, жеңімпаздардың кітаптары жарыққа шығарылады.

 

 

 

 

 

Кітапхана тарихында өз қолтаңбасын, игілікті істерін қалдырған

басшылардың да орны ерекше

 

1969-1999 жылдары кітапхана директоры болған Доскеев Болат Сембекұлы облыс кітапханаларын бір жүйеге орталықтандыру ісін ұйымдастырушылардың бірі болды. Кітапхананы 30 жылдан астам уақыт басқарған басшы ауылшаруашылық әдебиеттер бөлімі, өнер, техника, шет тілдері әдебиеті бөлімдерін ашып, штат бірлігінің артуына ықпал етті. «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Қазір зейнеткерлік демалыста.

 

 

 

1999-2003 жылдары аралығында кітапхананы Сүлейменова Гүлжиян Мағданқызы басқарды. Басшылық еткен уақытта кітапхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, «Рухани уыз», «Мың бала», «Атакәсіп» бағдарламаларын насихаттап, алғаш рет облыстық «Үздік кітапханашы» байқауының ұйытқысы болды. Қазіргі таңда  Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы.

 

 

 

 

 

2003-2007 жылдар аралығында 30 жылдан астам кітапханалық еңбек өтілі бар, тәжірибелі маман Қайбұллаева Күлсара Досалықызы басқарды. Парасатты да білімді басшы облыстық кітапхананы Алматыдан Талдықорған қаласына көшіруде, өзінің ұйымдастырушылық, біліктілік қабілетінің арқасында облыстағы кітапхана ісін жоғары деңгейге көтерді. ҚР Ұлттық кітапханасымен және Республика кітапханаларымен тығыз іскерлік байланыс жүргізіп, облыс кітапханаларын автоматтандыру жұмысын бастады.  Қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста.

 

 

 

 

2007-2017 жылдар аралығында Нұрғалиева Мақпал Сқабайқызы басқарды.1958 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1976-1980 жж Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы педагогикалық Мәдениет институтының кітапханашы-библиограф мамандығын бітірді. 
2008 жылы РАБИС бағдарламасын енгізсе, 2010 жылы КАБИС бағдарламасы облыстағы 22 аудан, қала кітапханаларына енгізілді.

Қазіргі таңда кітапханаға түскен кітаптар мен мерзімді басылымдар толық библиографиялық өңдеуден өтіп, жүйе ақпаратына енгізу жүзеге асырылуда. Кітапханаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа кітапханалық жиһаздармен толықтырылды.
Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруды талап етеді. Осы орайда кітапханада түрлі облыстық байқаулар, семинарлар, білім жетілдіру курстары өткізіліп, мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға септігін тигізуде. Киелі руханият ордасы уақыт озған сайын қоғам дамуынан қалыспай ілесіп, өркен жая түсуде.
Кітап – біздің ортақ игілігіміз, мәдени мұрамыз, халқымыздың баға жетпес байлығы. Оны біз көздің қарашығындай сақтауға, көптеп толықтыруға және болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз.

 

 

 


 


Яндекс.Метрика