С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

ҚР мемлекеттік рәміздері

Жетісу ақындары жырлайды
"Жетісу балалар кітапханасы"
Қазақ хандығына 550 жыл
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

novyi-trudovoi-kodeks.jpg - 142.60 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4445
Статьи : 386
Просмотры материалов : 1798883
Қазір сайтта
Сейчас 88 гостей онлайн
Кәсіптік қызмет Марапаттаулар

Марапаттаулар

негізгі

 

ҚР «Кітапхана ісінің ардагері» Б. Жұмабекова

zam_dir.jpg - 275.71 KbС.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының  директор орынбасары Жұмабекова  Бақтылы Баймолдақызы 1959 жылы туған, білімі жоғары. Кітапханалық еңбек өтілі: 35 жыл. 1981 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтының кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша бітіріп шығып, еңбек жолын  осы жылдан Алматы облысы, Ақсу ауданы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашы болып жұмыс істеуден бастап, 1986-2012 жылдар аралығында аудандық кітапхана директорлығына  дейін көтерілді.

Осы қызмет істеген жылдардағы атқарып  жүрген  еңбегі  ескеріле отырып, аудан әкімінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына ие болды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай жарияланған «Жыл көрмесі -2006» облыстық байқауда бас жүлдені иеленіп, дипломмен марапатталды.

2007 жылы Алматы облыстық мәдениет басқармасының мінсіз еңбегі, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін «Кітапхана ісінің үздігі» құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы  бойынша «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, саяси қоғамдық жұмыстарға да ат салысады. 1986-1991 жылдар аралығында Ақсу аудандық советінің депутаты болды. 1981 жылдан 2000 жылға дейін Ақсу аудандық №1 орталық сайлау учаскелік хатшылығын, 2000 жылдан бастап 2012 жылға дейін  Ақсу аудандық сайлау комиссиясының хатшылығын атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасына директордың орынбасары қызметіне ауыстырылды.

2013 жылы Алматы облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен», 2014 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының «Алғыс хатымен», Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Саяси сауатты, білімді де білікті ұйымдастырушы. Облыстық кітапханада өтетін әдеби кештер, кездесулер, дөнгелек үстел, семинар–кеңестер, конференциялар т.б. да мерекелік мәдени іс-шаралар Б.Жұмабекованың  тікелей қатысуымен өтеді.

Сондай-ақ Республикалық шараларға қатысып алған іс-тәжірибелерін кітапханашыларға  таратуда. Атап айтқанда 2012 жылы Өскемен қаласында өткен «Кітапханалардың технологиялық инновациялары- ақпараттық қоғамға» атты республикалық форумға қатысып, кітапхананың қолданысына енген жаңа технология  түрлерімен  кітапханашыларды  таныстырды.

2014 жылы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханада  Республикалық «Бір ел-бір кітап» ақциясы аясында «Сайын Мұратбековтың прозасы- алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» республикалық ғылыми –танымдық конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ҚР Ұлттық кітапхананың алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы ақиық ақын І.Жансүгіровтың 120 жылдығына орай  «Мәңгілік елдің жыршысы» атты конференцияның жұмысына белсене қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге, оларды насихаттауға қосқан үлесі үшін  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамотасымен марапатталды.

2015 жылы еліміздің кітапхана ісі саласын дамытуға елеулі үлесі мен ұзақ жылғы адал қызметі үшін ҚР  Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төс белгісімен марапатталды.

 

ҚР «Мәдениет қайраткері» М. Жабиева

Іле аудандық кітапханасының директоры Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы 1956 жылы туған, білімі жоғары, Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының кітапханашы-библиограф мамандығын бітірген, кітапханалық еңбек өтілі 33 жыл.

Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы кітапханалық еңбек жолын 1973 жылы Алматы облысы, Күрті ауданындағы мектеп кітапханасынан бастап, аудандық кітапхана директорына дейін көтерілді.

Іле аудандық кітапханасын жаңа ақпараттық технологиямен жабдықтауда 2003 жылы кітапханаға РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс, Тапсырыс» модульдерін енгізді. Әлемдік ақпараттық базаларда мәліметтер алуға мүмкіндік беретін интернет жүйесіне енгізіп, оны қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде жүреді. Аудандық және Боралдай аудандық кітапханасын «Үлгілі ауыл кітапханасы» қатарына қосып, заман талабына сай жаңа технологиялық ақпарат жүйесіне енгізуді жүзеге асырды.

2006 жылы Астана қаласында өткен «Қазақстан еңбекші әйелдері» конгресіне қатысқан Мейрамкүл Түйебайқызы іскер әйелдермен тәжірибе алмасып, Мәдениет Министрі Е.Ертісбаевпен кездесті. ҚР Ұлттық кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс істеп, білім жетілдіру курсына қатысқан кітапханашыларға өз іс-тәжірибесін таратуда.

ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына «Тәуелсіз Қазақстан. Модульді ауыл кітапханасы» атты облыс кітапханашыларының облыстық семинарын ұйымдастыруда белсенділік танытты. М.Жабиеваның 33 жылдық еңбегі жоғары бағаланып 2007 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бері кітапхана жұмысы саласында басшылық қызмет атқарып, үлкен жетістіктерге жетіп, ауданның экономикасымен халқының әлеуметтік мәдени жағдайын жақсартуда сіңірген көп жылдық ерен еңбегі, қоғамдық істері үшін Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №51-241 шешімімен «ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы берілді.

 

 

ҚР «Мәдениет қайраткері» Б. Ибрайжанова

Жамбыл аудандық кітапханасының директоры Ибрайжанова Бибінұр Ермекбайқызы 1964 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, кітапханалық еңбек өтілі 22 жыл.

2008 жылы ҚР Мәдениет қайраткері атағын алды. Көп жылғы еңбек тәжірибесі бар білікті басшы. Жабылып қалған ауыл кітапханаларының кітап қорларын бірнеше жыл сақтап, 2008 жылы 21 ауылдық кітапхана ашты. Нәтижесінде ауданның негізгі көрсеткіштері қарқынды дамып, ауыл мәдениетінің көтерілуіне қомақты үлес қосты.

Б.Ибрайжанова басқарып отырған аудандық кітапхана арнайы типтік ғимаратта орналасқандықтан, кітапхана қазіргі заман талабына сай жабдықталып, жаңа ақпараттық технологиямен қамтылған. РАБИС бағдарламасына енгізіліп, интернет, электронды пошта оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруда.

 

 

 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасы» иегерлері

2007 жыл

1. Хайбуллина Фердауз Шәріпқызы - Талдықорған  қалалық  орталықтандырылған  кітапхана  жүйесінің директоры;

2. Биғалиева Күлтай Кәрімқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының әдістеме бөлімінің меңгерушісі;

2016 жыл

1. Нұрбаева Баян Үсенбайқызы - Кербұлақ аудандық кітапханасының директоры

 

 

Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған кітапханашылар.

2009 жыл

1. Нұрғалиева Мақпал Сқабайқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры  облыс әкімінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды;

2. Биғалиева Күлтай КәрімқызыС.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының әдістеме бөлімінің меңгерушісі  облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды;

2015 жыл

1. Үмбеталиева Айман Әбдіқұлқызы - Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылдық кітапханасының меңгерушісі

 

 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хатымен марапатталған кітапханашылар

 

2011 жыл

1. Рысбекова Гүлбаран Ғайсақызы – С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана директорының орынбасары.

2. Ягудина Зинакул Құдайбергенқызы – Алматы аймақтық филиалының меңгерушісі.

3. Таймурзина Сұлушаш Сағымбайқызы – Ақсу аудандық кітапхана директорының орынбасары.


2012 жыл

1. Исмағұлова Алма Алмабекқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы әдістеме бөлімінің әдіскері;

2. Аханова Салтанат Зекенқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы кітап қорын сақтау бөлімінің меңгер-сі;

3. Абдрахманова Фадина Нұрқасымқызы - В.Маяковский атындағы Талдықорған қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі;

4. Жексембиева Нұргүл Суллиханқызы - Қарасай аудандық кітапханасының директоры;

5. Нұрбаева Баян Үсенбайқызы - Кербұлақ аудандық кітапханасының директоры;

6. Төлқожаева Мария Тоқтамбекқызы - Райымбек аудандық кітапханасының директоры;

 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хатымен марапатталған кітапхана және кітапханашылар

2012 жыл

Кітапхана ісінің өркендеуіне әрі республикалық деңдейде ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың табысты өтуіне қосқан үлесі үшін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Алғыс хатымен» 2012 жылы 14 наурызда марапатталды.

2014 жыл

1. Мамажанова Салтанат Садыржанқызы - Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының директоры

2. Нұрбаева Баян Үсенбайқызы - Кербұлақ аудандық кітапханасының директоры

3. Искакова Қайынжамал СағынайқызыВ.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана директорының орынбасары

4. Сембекова Гүлшат Нұрахметқызы - Қаратал аудандық кітапханасының директоры

5. Аханова Салтанат Зекенқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі

 

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай "Мұхтар Әуезовті оқимыз" атты халықаралық акция қорытындысы бойынша жеңімпаз кітапхана

2013 жыл

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  туғанына 115 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акция қорытындысы бойынша үшінші орынды С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы иеленіп, 2013 жылы 25 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында акцияның қорытынды шарасында марапатталды. Сондай-ақ «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық акциясына белсене қатысқаны үшін Алматы облысы Іле аудандық кітапханасы, Қаратал аудандық кітапханасы «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Мәдениет және өнер істері департаментінің "Алғыс хатымен" марапатталған кітапхана

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткізген "Оқырман жастар - Қазақстан болашағы" атты кітап фестивалін қолдап, кітапханаларында іс-шаралар ұйымдастырғаны үшін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры А.Райымқұловтың "Алғыс хатымен" марапатталды

 

Лев Гумилевтің 100-жылдық мерейтойына арналған «Оқырман Еуразия» атты халықаралық фестивалінде Дипломмен марапатталған кітапханашылар

2012 жыл

1. Масалимова Мадина Нұрдәулетқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі («Ұлы ғалым, тарихшы-этнограф» атты библиографиялық көрсеткішті құрудағы шығармашылық ізденістері үшін);

2. Қадырманова Нұртай Мелісқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы («Ұлы ғалым, тарихшы-этнограф» атты библиографиялық көрсеткішті құрудағы шығармашылық ізденістері үшін);

ҚР Ұлттық кітапханасының "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгісімен марапатталған кітапханашылар

2014 жыл

1. Нұрғалиева Мақпал Сқабайқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры

2. Жұмабекова Бақтылы Баймолдақызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары

3. Ягудина Зинагүл Құдайбергенқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы Алматы аймақтық филиалының меңгерушісі

4. Нұрбаева Баян Үсенбайқызы - Кербұлақ аудандық кітапханасының директоры

5. Буланбекова Ұлжалғас Құдайқұлқызы - Іле аудандық кітапханасының бөлім меңгерушісі

6. Таумурзинова Сұлушаш Сағымбайқызы - Ақсу аудандық кітапхана директорының орынбасары

ҚР Ұлттық кітапханасының "Кітапхана ісінің үздігі" медалімен марапатталған кітапханашылар

2015 жыл

1. Масалимова Мадина Нұрдәулетқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі;

2. Мұңайтбасова Жұмахан Башарқұлқызы - Іле ауданы Ақши ауылдық кітапханасының меңгерушісі;

3. Ибраймова Гүлбақ Рыскелдіқызы - Панфилов аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі;

4. Жандосова Гүлнар Жұмашқызы -Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының әдіскері;

5. Өтеева Ұлдархан Қаханқызы - Қарасай аудандық кітапханасының ақпараттық - әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

Кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі мен кітап мәдениетін қалыптастырудағы ерен еңбегі үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б Сапарбаевтың "Алғыс хатымен" марапатталған кітапханашылар

2015 жыл

1. Байзақова Анар Нұрәділқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі;

2. Әміралиева Назтай Ақылбекқызы - Жамбыл аудандық кітапханасының бөлім меңгерушісі;

3. Жандосова Гүлнар Жұмашқызы -Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының әдіскері;

4. Салкимбаева Мамық Кәкімсейітқызы - Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы;

5. Қорабаева Күләтай Хасенқызы - Ақсу ауданы, Қапал ауылдық кітапханасының меңгерушісі.

 

 

 


Яндекс.Метрика