С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612835
Қазір сайтта
Сейчас 44 гостей онлайн
Кәсіптік қызмет Білім жетілдіру курсы

Білім жетілдіру курсы

негізгі

2017 жыл

Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ауыл тұрғындарының білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету және мәдени, ақпараттық қызмет көрсететін ауылдағы кітапхананың жұмысын дамыту, заманауи талаптарға сәйкес қызмет көрсетуде кітапханашылардың білімін көтеру мақсатында үстіміздегі жылдың мамыр айының 15-19 күндері аралығында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында кітапханалық білім жетілдіру курсы өтті. Курсқа аудандық, қалалық, ауылдық кітапханалардан 20 кітапханашы мен 19 бағдарламашы қатысып, «Электронды кітапханаларды құру мен енгізудің қазіргі кездегі мәселелері» тақырыбында оқу жоспарына сәйкес лекциялар тыңдап, құнды ақпараттар мен кітапхана саласындағы оңды өзгерістерді үйренді. Курстың тәжірибелік бөлімінде КАБИС бағдарламасының модульдері мен электрондық ақпараттық ресурстарды меңгеру, электрондық өлкетану қорларын ұйымдастыру, құжаттарды сандық түрге ауыстыру, ҚазҰЭК қорын пайдалану, сайт пен кітапханалық блогтарды құру және жетілдіру, әлеуметтік желілерде кітапхананың ресми парағын құру т.б. тәжірибелік сабақтар берілді. Соңында курс тыңдаушылардан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерудегі білімділігі мен кәсіби сауаттылығын және пайдалануын анықтау мақсатында тест сұрақтары алынып, кітапханалық білім жетілдіру курсын аяқтағаны жөнінде сертификат тапсырылды.

 


2016 жыл

Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ауыл тұрғындарының білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету және мәдени, ақпараттық қызмет көрсететін ауылдағы кітапхананың жұмысын дамыту, заманауи талаптарға сәйкес қызмет көрсетуде кітапханашылардың білімін көтеру мақсатында үстіміздегі жылдың мамыр айының 23-27 күндері аралығында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында кітапханалық білім жетілдіру курсы өтті. Курсқа аудандық, қалалық, ауылдық кітапханалардан 19 маман қатысып, «Кітапханалық ортадағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» тақырыбында оқу жоспарына сәйкес лекциялар тыңдап, құнды ақпараттар мен кітапхана саласындағы оңды өзгерістерді үйренді. Курстың тәжірибелік бөлімінде КАБИС бағдарламасының модульдері мен электрондық ақпараттық ресурстарды меңгеру, электрондық өлкетану қорларын ұйымдастыру, құжаттарды сандық түрге ауыстыру, ҚазҰЭК қорын пайдалану, сайт пен кітапханалық блогтарды құру және жетілдіру, әлеуметтік желілерде кітапхананың ресми парағын құру т.б.тәжірибелік сабақтар берілді.

Курс қатысушылары облыстық кітапханада өткен ақын, сазгер, облыстық мүшайралардың жүлдегері, авторлық әскери әндерден республикалық байқаудың лауреаты, Отан патриот медалінің иегері Жангелді Немеребаевтың шығармашылығына арналған «О, поэзия – гүлденген жасыл бағым» атты әдеби-сазды кешіне қатысып, ақынның төл туындысы «Бір бейне» атты поэзия мен әндер жинағы тұсаукесерінің куәсі болды. Сонымен қатар, жылжымалы тәжірибе алмасу шарасы ретінде В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасына экскурсия жасап, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған Д.Бабатайұлының шығармалары бойынша «Дулат тағлымы» атты әдеби-танымдық кешке қатысты.

Кеш барысында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің филология ғылымының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов пен филология ғылымының кандидаты, доцент Сайлау Қазбекұлы ХІХ ғасырдағы бірінші жартысында «Зар заман» ақындарының көш басында тұрған Дулат Бабатайұлы туралы кеңінен әңгімелеп, оның өлеңдері отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету, батырлықты, елдікті, ерлікті, адамгершілікті дәріптейтінін айтты.

Курс соңында тыңдаушылардан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерудегі білімділігі мен кәсіби сауаттылығын және пайдалануын анықтау мақсатында тест сұрақтары алынып, кітапханалық білім жетілдіру курсын  аяқтағаны жөнінде сертификат тапсырылды.

 

 


«Жас кітапханашылар мектебі» атты облыстық кітапханалық білім жетілдіру курсы (2013 жыл)

«Ақпараттық қоғамдағы әдістемелік қызметтің жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық кітапханалық білім жетілдіру курсы (2012 жыл)

«Үлгілі ауыл кітапханасы - оқырмандардың жаңа ақпараттық орталығы» (Іле ауданы, ІІ- тоқсан 2011ж.)

«Бүгінгі кітапханашы келбеті» атты «Библиокласс» курсы (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2011 жыл).

«Тәуелсіз елдің кітапханалық идеясы - 2011» атты облыстық байқау (2011жыл)

«Үздік заманауи кітап қоры»атты облыстық байқау (2011 жыл)

«Жаңа ақпараттық қоғамдағы әдістемелік қызмет» ( 2010 жыл.)

«Кітапханалық- библиографиялық және ақпараттық білімді жетілдіру»(2009 жыл).

« Мерзімді баспасөзден және жаңа әдебиеттерді оқу арқылы библиографиялық білімді жетілдіру » (2008 жыл).

«Кітапханада іс-қағаздарын жүргізу» ( 2007 жыл).


«Жаңадан ашылған ауыл кітапханаларында ақпараттық мәдениетті заман талабына сай жетілдіру» ( 2007 жыл).

«Қала кітапханаларындағы жаңа жұмыс тәсілдері» ( 2005жыл)

«Жаһандау кезеңіндегі кітапхана ісі» ( 2004 жыл)


 

 

 


Яндекс.Метрика