С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612808
Қазір сайтта
Сейчас 22 гостей онлайн
Жаңалықтар «Сұлу сөздің саңлағы»

«Сұлу сөздің саңлағы»

7 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын Б.Өтетілеуовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Сұлу сөздің саңлағы» атты ауызша журнал өтті. Б.Өтетілеуовтың әдеби саласындағы еңбегі тым шағын. Мұның әр алуан себептері де бар болуы мүмкін. Соның ішінде ең негізгісі – ақынның денсаулығының кемдігі болса керек. Көп жылдар бойы аурудан азап шеккен Бекеттің өзі де мұны кейінгі кезде жазған хаттарында атап көрсетті.  Әйтсе де, әдеби еңбектің мәні мен маңызы оның көлемімен, не көптігімен  өлшенбейтіні хақ.  Бекет өзінің әдеби саласындағы аз ғана еңбегімен қазақ әдебиетіндегі жақсы дәстүрді, атап айтқанда, орыстың озық мәдениетін, орыс әдебиетінен шығармалар аудару арқылы тарату, насихаттау дәстүрін онан әрі жалғастырады. Орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылған нұсқалары қазақ оқушыларын орыстың классикалық әдебиетіндегі үлгілермен таныстырды, осы арқылы қазақ жастарын озық мәдениетке азды-көпті жақындатып, оны меңгеруін жеңілдете түсті, оған деген ынта – жігерін арттырды, орыстың демократиялық мәдениеті мен әдебиетінің шын мәнінде озық екендігін таныта түсті. Оның аз еңбегі осы жағынан тиісінше бағаланып, әдебиетіміздің тарихынан да сол тұрғыда өзіндік орын алуға тиіс. Шарада ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында айтылып, ақын туралы жазылған кітаптармен таныстырылды. Сонымен қатар «Жазушыдан» өлеңімен «Түлкі мен Жеміс» аудармасын «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің оқушысы Ү.Князбек пен М.Қатарбай оқыды.

 


Яндекс.Метрика