С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

ҚР мемлекеттік рәміздері

Жетісу ақындары жырлайды
"Жетісу балалар кітапханасы"
Қазақ хандығына 550 жыл
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

novyi-trudovoi-kodeks.jpg - 142.60 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4445
Статьи : 386
Просмотры материалов : 1798903
Қазір сайтта
Сейчас 106 гостей онлайн
Жаңалықтар «Жүрегіме мен сені көшіремін...»

«Жүрегіме мен сені көшіремін...»

22 желтоқсан күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының және Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлымен «Жүрегіме мен сені көшіремін...» атты поэзиялық кездесу кеші өтті.

Кездесу кешінде кітап көрмесі және жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілді.Алғашқы құттықтау сөзді І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушының курстасы Мұратбек Иманғазинов сөйледі. Кеш қонақтары  І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің профессоры, зерттеуші-ғалым Қанипаш Мәдібаева жазушының шығармашылығына талдау жасаса, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев ақындық болмысы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, белгілі  қаламгер Есболат Айдабосын жазушының прозалық шығармаларына тоқталса, ақын Гүлбақыт Қасен Әділбек Ыбырайымұлының «Сүмбіле шуағы» жинағы туралы пікірін білдірді. Шараның соңында Әділбек Ыбырайымұлы өз туындысын оқып, қатысушыларға алғысын білдірді. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Әбдуәлиев жазушыға жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

 


Яндекс.Метрика