С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612821
Қазір сайтта
Сейчас 31 гостей онлайн
Жаңалықтар «Жетісу балалар кітапханасы» байқауының қорытындысы

«Жетісу балалар кітапханасы» байқауының қорытындысы

zhetysu_bk.jpg - 420.69 KbҮ.ж. Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар әдебиетінің мәртебесін көтеру, дамыту және жас талантты ақын-жазушылар мен суретшілерді тану мақсатында "Жетісу балалар кітапханасы" айдарымен ақын-жазушылардың, суретшілердің арасында балалар әдебиеті кітаптарына байқау жарияланған болатын. Байқау төрт номинация бойынша ақын-жазушылардың, суретшілердің шығармаларын қабылдады. 14 желтоқсан күні облыстық кітапханада «Жетісу балалар кітапханасы» байқауының қорытындысы бойынша салтанатты жиын өтті.

zhetysu_bk2.jpg - 382.32 KbБалалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет. Балалар әдебиетін насихаттау, толымсыз тұстарын бағамдау және оның кешегісі мен бүгінгісіне үңілу мақсатында ұйымдастырылған кеш риясыз сұхбат пен қуанышты сәттерге толы болды. Себебі, ақын жыры, суретшінің тілі – оқырманға ой салып, тәрбиелейтін құрал екені белгілі.

zhetysu_bk3.jpg - 375.75 KbШараға еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне өз үлестерін қосып келе жатқан халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері, байқауға қатысқан ақын-жазушылар, суретшілер және БАҚ өкілдері қатысты.

zhetysu_bk4.jpg - 429.92 KbАлғашқы құттықтау сөзді Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Әбдуалиев сөйлеп, байқауға 49 автор шығармасын ұсынып, комиссия отырысында 47 автордың шығармасы қаралғанын, байқау балалар әдебиетінің жетіспеушілігін ескере отырып, республикада тұңғыш ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

zhetysu_bk5.jpg - 378.50 KbБайқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды басқарма басшысы мен комиссия мүшесі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Жетісу» газетінің бас редакторы Ә.Әрін марапаттады.

zhetysu_bk6.jpg - 392.03 Kb

Сонымен, «Балаларға арналған үздік поэзия» номинациясы бойынша жеңімпаздар Әли Ысқабай мен Алтыншаш Жақиянова, «Балаларға арналған үздік ертегілер» номинациясы бойынша жеңімпаздар Асхат Өмірбаев пен Раушан Құрманғалиева, «Балаларға арналған түрлі-түсті үздік иллюстрация» номинациясы бойынша жеңімпаздар Талғат Ашимов пен Нүсіпқан Қадырсұлтан, «Балаларға арналған үздік проза» номинациясы бойынша жеңімпаздар Есболат Айдабосынов пен Әлібек Файзуллаұлы арнайы диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, байқауға қатысушылардың еңбектері жинаққа еніп, 8 автордың 6 кітабының тұсауы кесілді.

 


Яндекс.Метрика