С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

ҚР мемлекеттік рәміздері

Жетісу ақындары жырлайды
"Жетісу балалар кітапханасы"
Қазақ хандығына 550 жыл
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

novyi-trudovoi-kodeks.jpg - 142.60 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4445
Статьи : 386
Просмотры материалов : 1798844
Қазір сайтта
Сейчас 39 гостей онлайн
Жаңалықтар «Желтоқсан желі ызғарлы»

«Желтоқсан желі ызғарлы»

 

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың дүниетанымын кеңейту, 1986 жылы желтоқсан оқиғасын таныстыру, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу мақсатында 8 желтоқсан күні «Желтоқсан желі ызғарлы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Дүкенов Әділжан Берікұлы, Желтоқсан көтерілісіне қатысқан «Жетісулық желтоқсандықтар» қоғамдық қорының төрағасы Жүнісхан Ермұхан, осы қоғамдық қордың мүшелері Ғ.Чукаева және Г.Көксеген, сонымен қатар, «Авиценна» медицина колледжінің, Талдықорған «Заң» колледжінің, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының студенттері қатысты. Жүргізуші А.Арапова 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шыққандығын, сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловскийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындағаны үшін туындағанын айтты. Ал, желтоқсан оқиғасына қатысқан шараның қонақтары сол кездегі басынан өткен оқиғаларын баяндап, жастарды отансүйгіштікке шақырды. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің студенті Н.Аулбай, Талдықорған қаласы Заң колледжінің студенттері Р.Балғабаев, Д.Нұртаза, Т.Қызайбекова, М.Османова қонақтарға сұрақтарын қойып, оларға бейбіт заманда туылғандары үшін алғыс білдірді. Шараның соңында кітапханашы А.Ишамбаева «Желтоқсан тағлымы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаса, кітапхана директорының м.а. Б.Жұмабекова дөңгелек үстелді қорытындылады.

 


Яндекс.Метрика