С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612874
Қазір сайтта
Сейчас 77 гостей онлайн
Жаңалықтар « Жетісу балалар кітапханасы»

« Жетісу балалар кітапханасы»

"Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен балалар әдебиетінің мәртебесін көтеру, дамыту және жас талантты ақын-жазушылар мен суретшілерді тану мақсатында "Жетісу балалар кітапханасы"айдарымен ақын-жазушылардың, суретшілердің арасында балалар әдебиеті кітаптарына жарияланған байқау бойынша 15 қарашада облыстық кітапхананың оқу залында комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен сараптамалық комиссия отырысында ақын-жазушылардың, суретшілердің арасында балалар әдебиеті кітаптарына, 47 автордың шығармаларына кезек- кезек тоқталып, талдау жасалынды.

Шығармалардың ең үздігі жақын арада таңдалып, сыйақысымен жеке кітап болып шығатындығы анықталды. Талдау кезінде қаламгерлердің жазған шығармаларының көркемділігі мен деректердің айқындылығына, мәдениеттілігіне және ізденімпаздылығына, сонымен қатар, кәсіби біліктілігіне көп көңіл бөлінді. Комиссия төрағасы Әбдуәлиев Ақан Жылқышыбайұлы балалар әдебиетінің жетіспеушілігін ескере отырып, байқау республикада тұңғыш ұйымдастырылып отырғанын баяндап, байқау ережесіне сәйкес төрт номинация бойынша:1. Балаларға арналған поэзия мен прозаның антологиясын жарыққа шығару үшін 1-50 бет аралығында жазылған шығармаларды топтастыру, 50 мен 200 бет аралығында жазылған шығармаларды жинақтау; 2. Балаларға арналған иллюстрациялардың антологиясын жарыққа шығару үшін шығармаларды топтастыру; 3. Балаларға арналған ертегілердің антологиясын жарыққа шығару үшін шығармаларды топтастыру; 4. Әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау комиссия мүшелеріне берілген тапсырма бойынша 21 қараша күні жазбаша хабарлау қажеттілігін айтты.

 

 

 

 


Яндекс.Метрика