С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

_________________________________________ + Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт

ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4082
Статьи : 431
Просмотры материалов : 1612851
Қазір сайтта
Сейчас 59 гостей онлайн
Жобалар мен бағдарламалар «Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел – бір кітап» акциясы

негізгі

2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімінде 19 сәуір күні ауыз әдебиеті «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі, елдік пен еркіндік жаршысы, ел қамқоры, сыншыл да, сыршыл күрескер Дулат ақынның шығармашылығын насхаттау мақсатында «Өрелі жырдың өрнегі» атты ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық  сағатқа кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Ақынның шығармалары «Ақын үні» атты кітап көрмесінен  орын алды.

Дулат жыраудың тағлымды, өлеңдері мен дастандары, сын-зерттеу, көзқарастар берілген «Тұнық тұма» атты кітабына библиографиялық шолу жүргізілді.  Іс-шара барысында кітапханашылар С.Е.Керімжанов пен А.Абейбекова дауыстап оқыған «Атаны бала алдады», «Тұнық тұма», «Тегімді менің сұрасаң» өлеңдерін  оқырмандар тебіреніспен ұйып тыңдады.  Іс-шара барынша қызықты, әрі тартымды өтіп, оқырмандар ақынға деген ыстық ықыластарын білдіріп тарқасты. Д.Бабатайұлы –өз дәуірінің рухани, мәдени бел-белестерінде өшпес белгі қалдырған әдебиетіміздің биік тұғырына көтерілген тұлға, ұлы жыршы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайға ұлағатты ұстаз болған Дулат Бабатайұлының құдіретті жырлары халық қазынасы, ел мақтанышы болып қала бермек.




С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында 15 шілде 2015 жылы жыл сайын өткізіліп тұратын «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биылғы жылы таңдалып алынған І.Есенберлиннің «Көшпенділер»трилогиясы бойынша ақпараттық сағат өтті.



2014 жылы 30 мамырда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының Тіл сарайында  «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «С.Мұратбеков прозасы – алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» атты республикалық ғылыми - танымдық конференция өткізіліп, 31 мамыр күні облыстық кітапханада семинар – кеңес ұйымдастырылды.



2013 жылғы Республикалық  «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы  Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайының» мамандарымен бірлесіп, қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы бойынша «Поэзия патшайымының лирикалары» атты жыр кешін өткізді.



2012 жылы 17 мамырда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі бойынша ғылыми-талдау конференциясы өтті.



2011 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша «Ақбілек әлемі» атты оқырмандар конференциясы өтті. С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша «Ақбілек әлемі» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.



 

 

 


Яндекс.Метрика