ҚР мемлекеттік рәміздері

ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Поэзия патшайымы
Жыр құлагері
Статистика
Пользователи : 313
Статьи : 248
Просмотры материалов : 319750
Жүйеге кіру



Тіркелу
Қазір сайтта
Сейчас 12 гостей онлайн

Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі бойынша ғылыми-талдау конференциясы

Жаңалықтар

17 мамырда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесі бойынша ғылыми-талдау конференциясы өтті.

Шараға жазушы-сатирик Тұрлыхан Кәрім, «Ақшам гүлі» жыр жинағының авторы, жас ақын Шұғайып Ақынұлы, аудан кітапханашылары, «Білім» және политехникалық колледж студенттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференцияда кітапханашы Қ.Алтынбекова «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің әдеби ерекшеліктері» атты тақырыппен сөз алса, Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ұлбосын Тұрдиева «О.Бөкей шығармаларының тілі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Конференцияға қатысушылар  қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірінен оқырманға белгісіз беттері туралы айтылып, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу туралы үлкен толғаныс білдірді.

Оқырмандар «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін оқып, жазушының туған жер табиғатын суреттеуіне тамсана таңырқаса, оның өз әкесіне деген балалық махаббатына сүйсіне қарады. Ал повестегі оқиға желісіне байланысты биенің егіз тууы жаман ырымға жорылып біреуін өлтіреді. Міне, осыған өкініш білдірген автор келесі туған құлынын анасы өлтіретінін суреттейді де, көңілінде қасқа құлынға деген аяныш, өкініш сияқты сезімдер пайда болады. Ескі ырымға сенбей құлынды өлтірмесе, мүмкін ол қазақтың құлагері болар еді деген ой түйеді.
«Қайдасың, қасқа құлынымның» тақырыбы да, мазмұны да оқырмандардың пікірінше осылай ашылады. 
Шараға ««Бір ел – бір кітап» акциясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қара сөзбен жыр кестесін төккен хас шебер – Оралхан Бөкей» атты слайд-шоу көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Рейтинг Mail.ру